» » Еңбек министрлігі қашықтан жұмыс істеу тәртібін жариялады

Еңбек министрлігі қашықтан жұмыс істеу тәртібін жариялады



ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов ТМД елдерінің консультативтік кеңесінің отырысында қашықтан жұмыс істеуді реттеу тәртіптері туралы айтты.
Ақмәди Сарбасов жұмыс берушілер мен кадр қызметінің, оның ішінде мемлекеттік органдардың өкілдері қызметкерлердің қашықтан жұмыс істеу форматына мәжбүрлі ауысуына байланысты, әсіресе еңбек заңнамасының жетілдірілмеуі бойынша кездескен бірқатар қиындықтар туралы айтып берді.
"ҚР Еңбек кодексіне биыл қашықтан жұмыс істеуге байланысты еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша түзетулер қабылданды. Сонымен, қашықтан жұмыс істеудің жаңа режимдері пайда болды, олар тараптардың келісімі бойынша тұрақты, уақытша немесе аралас болып орнатылады. Бұдан басқа, жұмыс беруші жұмыстың орындалуын нақты уақытпен тіркей алмайтын жағдайларда жұмыс уақытын есепке алу бойынша, сондай-ақ қызметкер жұмыс берушімен өзара іс-қимыл жасау үшін байланыста болуға тиіс уақытты еңбек шартында есепке алу бойынша ҚР еңбек кодексінің нормалары нақтыланды. Қызметтік міндеттерін жүзеге асыратын, еңбегі арнайы заңдармен реттелетін қызметкерлер үшін қашықтан жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдерін реттеуге қатысты нормалар көзделген", – деді Ақмәди Сарбасов.
Вице-министр жұмыс берушімен қашықтан жұмыс істеу форматына қарамастан, еңбек заңнамасының талаптарын қамтамасыз ету, оның ішінде қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша жауапкершілігі алынбайтынын атап өтті.
"Сонымен қатар, қауіпсіз еңбек жағдайлары саласындағы соңғы өзгерістер аясында қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, сондай-ақ еңбек міндеттерін қауіпсіз орындауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауы тәртібі жұмыс берушінің актісінде айқындалады. Бұдан басқа, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндеттері міндетті және тараптардың келісімі бойынша ,жұмыс ерекшелігін ескере отырып шешілетін міндеттер деп бөлінген", – деді ол.
Айта кетейік, бүгін онлайн режимде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі консультативтік кеңесінің XXXIV отырысы өтті
29 қазан 2021 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728