» » Пандемия жағдайында қашықтан жұмыс істеу тәсілі мен толық емес жұмыс уақыты режимін қолдану тәртібі

Пандемия жағдайында қашықтан жұмыс істеу тәсілі мен толық емес жұмыс уақыты режимін қолдану тәртібі

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Облыстық Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің «Облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту туралы» Қаулысында азаматтардың негізсіз тұрғын үйінен шығуға, жергілікті органмен бекітілген тізбесіне жұмысқа баруды, короновирусты инфекцияға қарсы күреске жұмылдырылған қызметтерді қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық нысандағы ұйымдардың жұмысын қашықтықтан қызмет көрсету форматына барынша ауыстыруды жүзеге асыру тапсырылған болатын.
Мемлекеттік еңбек инспекцияся карантин жағдайларына байланысты, еңбек қатынастарын реттеуде туындаған сұрақтар көп болғандықтан, төмендегіні түсіндіреді.
Қашықтықтан орындалатын жұмысқа көшкен жағдайда жұмыс істеу тәртібі жұмыс уақытының есебі бойынша ҚР Еңбек кодексінің (ары қарай-Кодекс) 138-бабына сәйкес анықталады. Жалақы толық көлемде төлене отырып, жұмыс уақыты жұмыс берушінің актісімен реттеледі. Бұл ретте, Еңбек кодексі жұмыс берушіні қашықтан жұмыс атқару үшін жағдай жасауды міндеттейді.
Кодекстің 138-бабының 1-тармағына сәйкес, қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Осы баптың 2-тармағына сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.
Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.
Яғни, аталған ерекше нысан бойынша еңбек процесін жүзеге асыру кезінде жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын береді және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді.
Егер, қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскер өзінің меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші оған өтемақы төлейді және тараптардың келісімі бойынша өзге де шығыстар өтелуі мүмкін.
Кодекстің 157-бабының 2-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ұжымдық шартқа жәрдемақылар мен өтемақы төлемдері, оның ішінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезіндегі төлемдерді төлеу туралы міндеттемелер енгізілуі мүмкін.
Сондықтан, қашықтықтан жұмыс атқарған жағдайда, жұмыскерлерге өтелетін шығыстар түрі, оларды өтеу мөлшері мен төлеу тәртібі тараптардың келісімі бойынша айқындалуға жатады және бұл міндеттемелер еңбек, ұжымдық шарттарға енгізілуі тиіс.
Кодекстің 46-бабының 1-тармағына сәйкес, қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты өндірісті ұйымдастырудағы өзерістерге орай, жұмыскер өз мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзертуге жол беріледі.
Кодекстің 70-бабының 1-тармағына сәйкес, еңбек шартын жасасқан кезде, сондай-ақ еңбек қатынастары процесінде жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жазбаша келісім бойынша толық емес жұмыс уақыты белгіленуі мүмкін.
Толық емес жұмыс уақыты – Кодекстің 68-бабында белгіленген қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығынан аз, яғни аптасына 40 сағаттан кем уақыт. Толық емес жұмыс уақытының түрлері келесідей:
1)Толық емес жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту: жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін апта ішінде орындайды, бұл ретте оның жұмыс күні (жұмыс ауысымы) белгіленген ұзақтықтан аз болады;
2)Толық емес жұмыс аптасы, яғни жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту: жұмыскер өзінің еңбек міндеттерін жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішінде орындайды, бұл ретте ол аптасына бірнеше рет қана жұмыс істейді;
3)Күнделікті жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын бір мезгілде азайту және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту: жұмыскер үшін жұмыс күні ғана емес (жұмыс ауысымы), сонымен бірге бір аптадағы жұмыс күндерінің (жұмыс ауысымының) саны да азайтылады.
Толық емес жұмыс уақыты еңбек шартын жасасқанда жаңадан келген жұмыскерге, сол сияқты ұйымға бұрыннан қабылданған жұмыскерге де, яғни, еңбек шартын қолдану кезеңінде белгіленеді.
Кодекстің 103-бабының 1 тармағына сәйкес, жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Яғни, Кодексте белгіленген тәртіпте толық емес жұмыс уақыты режиміне ауыстырылған жұмыскерге жалақы жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
Кодекстің 68-бабының 2-тармағына сәйкес, еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей төлемақымен ұзақтығы азырақ жұмыс уақыты көзделуі мүмкін.
Яғни, еңбек заңнамасымен жұмыскерге жұмыс уақытының режимін еңбек шартында жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығынан (аптасына 40 сағаттан) азайтып белгілеп, айлық еңбекақысының мөлшерін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы үшін төленетіндей толық мөлшерде белгілеу мүмкіндігі көзделген.
Сондықтан, пандемия жағдайында, еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде шешім қабылдауда жұмыс берушілерге Кодекстің жоғарыда аталған нормаларын басшылыққа алуға болатындығы түсіндіріледі.

Сәуле АЛЬШОРАЗОВА,
Қызылорда облысының еңбек
саласындағы бақылау басқармасы
бөлімінің басшысы, мемлекеттік
еңбек инспекторы
21 қыркүйек 2020 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 063

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031