» » Ардагерлермен жүздесті

Ардагерлермен жүздесті

ҚОҒАМДА АРДАГЕРЛЕРДІҢ АРАЛАСПАЙТЫН САЛАСЫ ЖОҚ. АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ АҚЫЛ-КЕҢЕСІ МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ҚАШАНДА ҚАЖЕТ. ЖАСТАРҒА ТӘРБИЕ БЕРУ, ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРДІ НАСИХАТТАУДА ОЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЗОР. ҚАЗАҚ «ҚАРИЯСЫ БАР ЕЛДІҢ – ҚАЗЫНАСЫ БАР» ДЕП БЕКЕР ТӘМСІЛДЕМЕГЕН. ИӘ, АРДАГЕР АЗАМАТТАРДЫҢ АЛТЫНДАЙ АҚЫЛЫ ҚАШАНДА БОЛАШАҚҚА БАҒДАР.
Жақында аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов аудандық ардагерлер үйінде қоғам белсенділері, ардагерлермен жүздесіп, тыныс-тіршілігімен таныс­ты. Кездесуде ауданның ахуалы жайлы сөз қозғап, пікір алмасты. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов елдегі жағдайды баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарды сөз етті. Жаңадан тағайындалған аудан әкімінің алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Жиынға қатысқан ардагерлер қордаланған мәселелер мен ауданды ілгерілету бойынша өз ұсыныс-пікірлерін айтты. Ардагерлердің талап-тілектерін мұқият тыңдаған аудан басшысы айтылған ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын және заң аясында тиісті шешімдер қабылданатынын жеткізді.
– Жақында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ауданға келіп, ауылдарды аралады. Аралау барысында күрделенген мәселелерді көзбен көріп, оның шешілу жолдарына көмек беру мүмкіндіктерін қарастыратынын айтты. Алдағы уақытта ауданымыздың дамуында үлкен өзгерістер орын алмақ. Оған өздеріңіз де куә боласыздар. Сіздермен бірлесіп атқарар жұмыс көп, – деді аудан әкімі Әділбек Бөрібайұлы жиынды қорытындылап.
Ерсін ӘЛІБАЙ
22 наурыз 2022 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031