» » Ардагерлермен өткен төбелі жиын

Ардагерлермен өткен төбелі жиын

Қазақ қашанда ақсақалды, қарияны көптi көрген елдің сыйлысы, қазынасы деп қадiрлеген. Қандай да бiр дау-дамай туса, ақыл-кеңес керек болса, осы қарияларға жүгiнген, олардың шешiмiне тоқтаған. Бүгінде бұл үрдіс өз ағынымен жалғасып келеді. Сейсенбіде аудан әкімі Мұса Қалдарбеков ардагерлермен кездесті. Мұнда түрлі мәселе көтеріліп, ұсыныс-пікір айтылды.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов ауданда ардагерлермен атқарылған жұмыстарға тоқталды.
– Түрлі салада аянбай еңбек етіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған еңбек демалысындағы ардагерлермен кездесудің де сәті түсті. Көптеген игі істің басы-қасында қариялар жүр. Қария болмаса, тіпті кез келген іс-шара қораш көрінеді. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп өскен қазақпыз. Қоғамдағы тыныштық, бірлік, тұрақтылық, халықты ынтымаққа шақыруда ардагерлердің атқарып отырған тірлігі орасан, – деді ол.

Одан соң аудан басшысы алдағы атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Кездесуде ардагерлер пікірін білдіріп, сұрақтар қойды. Жиналған жанның басым көпшілігі орталықта қатынайтын маршрут қойылса, бағдаршам жөнделсе деген өтінішін айтты. Аудан әкімі М.Оспанұлы ұсыныс-пікірді тыңдай келе бұл мәселелер бойынша жан-жақты зерделеп шешу жолын қарастыратынын жеткізді.
– Бүгін сіздермен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша пікір алмасып, өздеріңізбен кеңесіп, жоспарымызды нақтылап алсақ деген оймен жиналдық. Әр салада еңбек еткен, бүгінде қоғамдық жұмысқа белсенді қатысып, қоян-қолтық араласып жүрген сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Негізгі мақсатым – үлкен кісілерден ақыл-кеңес сұрау. Біршама атқарылар жұмыстың барысымен таныстыру, – деді аудан басшысы.
Кездесу барысында ардагер қауым сұрағына жауап алып, ауылішілік жол мен теміржол өткеліндегі көліктердің жүру бағытын реттеу, жем-шөпке, қоғамдық көлікке қатысты мәселелер көтерді. Аудан басшысы ардагерлер көтерген ұсыныстардың назарынан тыс қалмайтынын айтып, жұмыс жүйеленетінін жеткізді.

– Ақсақалдар, жылы лебіздеріңізге алғысымды білдіремін. Осылай тоқсан сайын пікір алысу жиынын өткізіп отырайық. Әрқашан сіздердің ақыл-кеңестеріңізді тыңдаймыз, құлақ асамыз, жүзеге асырамыз, – деді аудан әкімі М.Қалдарбеков.
Айнұр ӘЛИ


24 қыркүйек 2019 ж. 1 803 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 019

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031