» » Ардагерлер ардақтаған ел азбас

Ардагерлер ардақтаған ел азбас

Даналықтың кілті – ата-бабаларымыз. Қария – елдің басы, ақылын айтар данасы. Ата жолын жалғаған аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз қашанда құрметке ие. 1-қазан халықаралық қарттар мерекесі. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов аудан әкімдігінің ардагерлерін қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Артынша ауданда елеулі еңбек етіп бүгінде зейнет жасындағы қарттарды қабылдады.

– «Қарты бар елдің – қазынасы бар». Олардың әрбір гауһар тасқа бергісіз айтқан ақылыдарыңыз жас ұрпаққа өнеге. Ардагерлердің әлі күнге дейін қатардан қалмай қоғамдық өмірге араласып жүргені мақ­таныш сезіммен, қуана да қызыға қараймыз. Олардың аудандағы оң өзгерістерге қосқан үлесі де аз емес, – деді ол.
Құттықтау сөзінен кейін ардагерлерді марапаттау рәсімін бастады. Транспорт саласының ардагері А.Ақжігітов, құрылыс саласының ардагері А.Алтаева, ауыл шаруашылығының арда­герлері О.Бекмұрзаев, Ә.Қамбаров, Т.Сәметов, темір жол саласының ардагері М.Жаналиев, өндіріс саласының ардагері Ж.Кетебай, білім саласының ардагерлері Қ.Күзенбаева, Б.Қамыратова, С.Сері­­баева, құрылыс саласының ардагері Н.Таубаевтар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Өз ортасына қадірлі, сөзі дуалы, ісі кейіңгі жас ұрпаққа өнеге, ауылдың өсуіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, аты мен атағы дара ардагерлеріміз қашан да құрмет төрінде.
– Барлық қармақшылық арда­герлерді мерекемен құттық­таймын. Денсаулықтары мық­ты болсын, қасымызда аман жүрсін. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дейді. Бүгінгі жас буын үлкенді қадірлей білсе, ертең ол да сол құрметке бөленеді. Ардагерлерді елеп, құрмет көрсетіп жатқаны үшін алғысымыз шексіз, – деді Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жакеев.
Иә,әдет-ғұрып, ырым-тыйым, жөн-жоралғыларымызды жадына тоқыған ата-әжелеріміз асыл қазына – кемел кітап сынды. Кеуделері шежіреге толы қарияларымыздың қадірін біліп, бағасына жете білсек ата-салттан ажырамағанымыз шығар. Жылына бір келетін Қарттар күнінде ақылман аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміздің жүзінде шуақ ойнап, көңілі шалқып, мерейі тасып қалады.
Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
05 қазан 2018 ж. 1 737 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 714
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 453

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031