» » Мәжіліс депутаттары іссапармен Қызылорда облысына келді

Мәжіліс депутаттары іссапармен Қызылорда облысына келді



Мәжіліс депутаттары өңірлердегі сапар барысында Сыр өңірінде ауыл шаруашылығы мәселелерін талқылады.
Мәжіліс төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің вице-министрі Серік Қожаниязовпен бірге Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистральді каналын тазалау жұмысын көзбен көріп, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті.
Сапар барысында Шиелі магистральді каналынан Қамыстықақ каналына насос қондырғысы арқылы қосымша су беру жұмыстарымен танысып, жүзеге асырылуы тиіс жобаларды талқылады. Сонымен қатар депутаттар осы өңірдегі шаруа қожалықтарының иелерімен кездесіп, пікір алысты.
Кездесуде кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы сумен қамтамасыз ету, егін егу маусымына дайындық, суды үнемдеу, суды көп талап ететін дақылдарды қысқарту және ауыл шаруашылығындағы субсидиялау мәселелері көтерілді.


21 наурыз 2022 ж. 545 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 003
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031