» » Егін жайы талқыланды

Егін жайы талқыланды

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданына іссапары аясында ауыл шаруаларымен кездесіп, егін егу және мал басын аман сақтау мәселесіне қатысты өзекті ұсыныстарды арнайы жиында талқылады.
Отырыста аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов бірінші кезектегі басымдықтарды тізбелеп, өткен жылы егіске пайдаланылатын суармалы судың тапшылығына байланысты «Батыс Қармақшы» қашыртқысынан «Құрайлы» каналының П309 пикетіне қосымша су жеткізу үшін ұзындығы 11 шақырымды құрайтын канал қазылғанын жеткізді. Сондай-ақ, сала мамандары биылғы су түсіміне байланысты болжамды баяндап, күріштіктің егіс көлемін қысқарту және каналарды тазарту, насос қондырғысын орнату ісі таяу арада басталатынын жеткізді. Ал, бірнеше шаруа қожалықтарының иелері аудан үшін өзекті мәселелерін жеткізді.
Жиынды қорытындылаған аймақ басшысы су көлемінің лимиті белгіленгенге дейін аудандағы ауылдардың қажеттілігін қайта қарап, шаруалармен бірге суды аз қажет ететін дақылдарға мән беріп, малға қажетті жем-шөп қорын алдын ала әзірлеп, ветеринар мамандарға қыстан шыққан төрт түліктің жағдайына қарай дәрі-дәрмек егу жұмыстарын қарқынды жүргізуді тапсырды.
14 наурыз 2022 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 597
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 377

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031