» » Егін шаруашылығы мен су мәселесі талқыланды

Егін шаруашылығы мен су мәселесі талқыланды

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Дүйсенұлының екінші күнгі іс-сапары Қармақшы ауданында жалғасты.
Бұл сапарда облыстық ауыл шаруашылығы басқарманың басшысы Т. Дүйсебаев, табиғи ресурстар басқармасының басшысы Б. Шаменов, Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев, «Қазсушар» РМК Қызылорда облысы филиалының басшысы Х. Биімбетовтер бірге болды.
Қармақшы ауданында ағымдағы жылы жалпы көлемі 25 215 гектар алаңға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Су тапшылығына байланысты орналастырылатын күріш егісінің көлемін өткен жылмен салыстырғанда 435 гектарға азайтып, оның орнына әртараптандыру бағытындағы 1231 га жаздық бидай, 150 га арпа, 80 га дәндік жүгері, 25 га соя, 1196 га мақсары және 1574 гектарға картоп, көкөніс, бақша дақылдары егілді. Негізгі дақыл күріш 13 156 гектарды құрап отыр.
Алдымен «Жаңажол» ЖШС-нің егіс алқабында күріш дақылының су жағдайымен танысты. Шаруашылықтың жалпы егіс көлемі 4815 гектарды құраса, оның ішінде күріш 2920 гектар егіліп, күтіп баптауда.
Қазіргі таңда, шаруашылықта егістікті судан қалдырмау мақсатында 2 электр насостары жұмыс жасауда. Алдағы жылдарда да су тапшылығы орын алатындықтан басқа шаруашылықтарда осындай электр насостарын орналастыруға бет бұрулары қажет деп есептейміз. Одан кейін, «Тұрмағамбет» ЖШС-нің егіс алқабында күріш дақылының су жағдайымен танысты.
Аталған шаруашылықта жалпы егіс көлемі 3863 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналасқан. Негізгі дақыл күріштің көлемі 1900 гектарды құрайды.
Сонымен қатар, ауданға жасаған жұмыс сапарында «Батыс Қармақшы қашыртқысының» суын «Құрайлым» каналына қайта пайдалану мәселесі талқыланды.
Осы мәселеге байланысты қазіргі таңда, ауданның Ақжар және Тұрмағамбет ауылдарының аумақтарынан өтетін «Батыс Қармақшы қашыртқысы» мен «Құрайлым» каналының ПК-309 пикетіне дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайтын каналдың, оның 1,8 шақырымы ескі арна арқылы, 6,3 шақырымы ЗКК-1 қашыртқышысының бойымен өтсе, ал 3,3 шақырымы жаңадан қазылатын болады.
Қазіргі таңда, осы каналдың 8,1 шақырымын тазалауға 2 экскаватор,1 бульдозер техникалары қойылып жұмыс жасауда. «Құрайлым» каналы мен «Батыс Қармақшы Қашыртқысының» арасын қосу жұмыстары 15 күн ішінде толық аяқталады.
Осы жаңадан қазылатын каналдың сағасы 2 насос қондырғысы қойылатын болады. Бұл өз кезегінде қашыртқыға қосымша 1м3 (текшеметр) су алуға мүмкіндік береді.
Дихандармен кездесу барысында қазіргі таңда қалыптасқан жағдайға байланысты суды тиімді пайдалану маңыздылығын түсіндіріп, суды үнемді пайдалану жолдарын талқылады.
05 шілде 2021 ж. 863 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031