» » ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Кесебаева Балайым Туғанбайқызы мен Хитуов Тарас Киікбайұлы арнайы жұмыс сапарымен Қармақшы ауданында болды.Депутаттармен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Қошалақов Әділ Үсенұлы мен «Нұр Отан» партиясы Қармақшы аудандық филилы төрағасының бірінші орынбасары Буханов Дастан Әбдібекұлы бірқатар нысандарды аралады.
Мәжіліс депутаттары іс-сапар барысында Қармақшы аудандық Соттың және аудандық полиция бөлімінің жұмыс барысымен танысты.
Сонымен бірге мәжіліс депутаттары аудан активімен кездесу өткізді. Кездесуге аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында депутаттар ең алдымен Парламент мәжілісінде атқарылып жатқан жұмыстарын, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттардың назарына ұсынылатын заң жобалары жөнінде таныстырып өтті.
Кездесуде тұрғындар халық қалаулыларына сауалдарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Халықтың ұсыныс пікірлері тыңдалды.
17 шілде 2019 ж. 1 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031