» » Гүлшара Әбдіқалықова: Биыл суармалы судың жағдайы өткен жылдан да күрделі болмақ

Гүлшара Әбдіқалықова: Биыл суармалы судың жағдайы өткен жылдан да күрделі болмақ

Көктемгі дала жұмыстары мен егін егу науқанын бастар алдында егісті суармалы сумен қамтамасыз етудің жағдайын пысықтап, алдағы жоспарларды талқылау үшін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова 2022 жылдың вегетациялық кезеңіне және көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы туралы кеңейтілген жиын өткізді.
Жиынға Сыр өңіріне арнайы іссапармен келген ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов және су шаруашылығы, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.
«Сырдария өзеніндегі су тапшылығы мәселесі тек облыс ғана емес, республика үшін өзекті. Бұл ретте ахуалға қарай әрекет етіп, су арналарын реттеу, каналдарды тазалау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Бүгінгі күні Сырдария өзенінің ағысын реттейтін Нарын-Сырдария су қоймаларындағы су көлемі 17 млрд 771 млн. текше метрді құрап, өткен жылдан 1 млрд 954 млн. текше метрге кем болып отыр. Сондықтан биылғы жылғы суармалы судың жағдайы өткен жылдан да күрделі болмақ. Оның ішінде Жаңақорған ауданы егісін сумен қамтамасыз ету мақсатында Келінтөбе магистралды каналына су деңгейін көтеру және «Қазсушар» кәсіпорны арқылы қажетті насос қондырғыларын сатып алу мәселесін ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп шешу мәселесін жеделдетуіміз қажет», – деді облыс әкімі.
Өз кезегінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов әріптестеріне жағдай күрделі екенін еске салып, барлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану қажеттігін тілге тиек етті. Сондай-ақ, Сырдың суына қатысты өзекті мәселе Үкімет басшысының назарында екенін және қазіргі таңда көрші мемлекеттермен белсенді түрде келіссөз жүргізілетінін мәлімдеді.

Kyzylorda-news.kz
05 ақпан 2022 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031