» » Робот құрап жарысқан

Робот құрап жарысқан

Қазір дамыған заман. Цифрлық сауаттылықты арттырып, технологияның ізінен ілесіп келеміз. ХХІ ғасырда білім мен ғылымды инновациялық технология бағытында дамыту маңызды. Яки, өнеркәсіптік революция: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект дамытуда жаңа міндеттер бар. Осы ретте, робототехникаға оқушылардың қызығушылығы қандай? Осыны білмекке аудандық оқушылар үйіне бас сұққан едік.
Мұндағы «Робототехника» үйір­месінде 40 оқушы дәріс алады. Технологияға қызыққан жасөспірімдер уақытпен санас­пай, өздерінің идеяларын жүзеге асырып жүр. Мәселен, бөлшектер арқылы жеңіл көліктер, ракета, ауыл шаруашылығы бағытындағы техникаларды жасап шығуда үйірме оқушылары дес бермейді.
– Балалардың қызығу­шылығы жақ­сы. Әрине, техника құрастыру оңай дүние ем­ес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет, – дей­ді үйірме жетекшісі Нұрлыбек Малаев.
Оның сөзінше, бұл сабақ алдымен балалардың ойлау қабілетін арттырады, одан соң ғылымға бет бұруға мүмкіндік береді. Сондықтан озық елдерде технологиялық үрдіске оқушылардың назарын ерте жастан аударады екен. Қармақшылық кішкентай өнертапқыштар түрлі деңгейдегі байқауларда биіктен көрініп жүр. Оның ішінде, Нұрай мен Нұрдәулет Қалдыбек, Ерсұлтан Жетпісбаев, Әлихан Жанболат, Мирас Есетов, Нұрислам Маратбек, Ғибрат Сағатбек, Аружан Байменова, Айжан Бөгетова, Гүлім Төлепбергенова, Нұрасыл Темірбековтерді атап өтуге болады.
– Робот құрастырушы құрыл­ғылардың ішінде «arduino» деген бөлшектер бар. Оның ерекшелігі робот моторына енгізілетін ішкі бағдарламаларды балалар өздері ойлап табуы тиіс. Ол үшін математика мен физиканы терең меңгеруі керек. Яғни, көлікті қалай басқару керек, тепе-теңдікті сақтау және тағы басқасын жан-жақты зерттейді. Кабинет жабдықталған. Қазір оқушыларымыз түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. Олар тиісті бағдарламаны әзірлеп, құрылғыны жинайды. Жинау жеңіл болғанымен, оған бағдарлама орнату өте қиын. Жақын арада оқушыларымыз еліміздің атынан халықаралық жарыстарға қатысып, өз жұмыстарын көпшілікке таныстырады деп үміттенемін, – дейді тәлімгер.
Міне, осылайша біздің оқушылар кәсіби инженер-робототехник болу арманына мектеп қабырғасынан қол соза бастаған.

Айнұр ӘЛИ

12 наурыз 2022 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031