» » Робототехника ойындары: баланың ойлау қабілетін дамыту

Робототехника ойындары: баланың ойлау қабілетін дамыту

Робототехника үйірмесі №19 «Балдәурен» бөбекжай-бақшасында 2019 жылдан бері жұмыс істеуде. Үйірме жұмысы орта және ересек топтарға жүргізіледі. Онда балалар екі топқа бөлінеді. Әр бала қиялына ерік беріп, түрлі робот машина құрастырады. Үйірмеде әрбір балаға жеке көңіл бөлініп, оның жан-жақты дамуына, қабілетін арттыруға мүмкіндік беріледі. Құрастыру арқылы бала конструктордың түрлерімен танысады. Мұнда механизмдерді бір-біріне келтіре отырып өздерінің белгілі бір роботтарын шығарады. Сонымен қатар балалардың тілі мен қиялын ұштастыру да көзделген. Балалар өздері құрастырған роботтармен бірлесіп ойнағанды, олармен сөйлескенді ұнатады.
Сондай-ақ бала оқу қызметі барысында құрастыру, бағдарламалау, датчик, механика негіздерімен танысады. Планшеттерді қолдану арқылы ақпараттық техникамен жұмыс жасауға машықтанады. Лего құрастыру бойынша (робототехника) ұйымдастырылған жұмыс кезінде тәрбиеленушілердің математикалық қабілеті дамиды. Олар бөлшектерді, блоктарды және бекіткіштерді санау арқылы, қажетті бөлшек санын шығаруды үйренеді және олардың түсін, пішінін, ұзындығын ажырата алады.
Үйірме барысында жуырда «Қызғалдақ» және «Бәйтерек» топтары арасында инновациялық сайыс ұйымдастырылды. Ойын алаңында олар тышқанмен бағдарламалық тапсырманы орындады. Сайыстың басты мақсаты тышқанмен бағдарламалау дағдысын бұлжытпай орындауға, лабиринтті құрастыруға негізделген. Онда балалар тапқырлықпен, ұйымшылдықпен командада бірлесе жұмыс істеді. Нәтижесінде «Қызғалдақ» тобы жеңімпаз атанды.
Лего құрастыру балалардың сөйлеу дағдысында дамытады. Сабаққа пайдаланатын жиынтыққа байланысты теориялық таныстыру жүргізіледі. Орта топқа «Дупло» жиынтығы, үлкен мектеп жасына дейінгі топқа «Дакта» жиынтығын пайдаланады. Алдымен балалар қайық, көпір, машина, ұшақтың қарапайым құрылымдарын жасайды. Содан кейін өз модельдерін ойлап табуды растайды.
Ақылбек ОСПАНОВ,
№19 Балдәуренбөбекжай-бақшасының үйірме жетекшісі
Ақай ауылы
20 ақпан 2021 ж. 1 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031