» » Аналарға құрмет көрсетті

Аналарға құрмет көрсетті

ҚАЗАҚТА «ӘЛЕМДЕГІ ӘСЕМДІК ПЕН СҰЛУЛЫҚ ӘЙЕЛ КӨРКІ МЕН АНА МЕЙІРІМІНЕН НӘР АЛАДЫ» ДЕГЕН ДАНАЛЫҚ СӨЗ БАР. РАСЫНДА АДАМЗАТ ӨМІРІНІҢ ІРГЕТАСЫ ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛЫМЕН ҚАЛАНАДЫ. ИӘ, ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛЫНДА ТІРШІЛІКТІҢ ШЫРАЙЫ, ОТБАСЫНЫҢ ШЫРАҒЫ БАР. ТАҒЫЛЫМДЫ ТАРИХЫМЫЗ ҚАЙРАТКЕРЛІК ҚАСИЕТ ҚОНҒАН АНАЛАРДАН КЕНДЕ БОЛҒАН ЕМЕС. ҰЛАНҒАЙЫР ДАЛАДА ҰРПАҚ МАҚТАНЫШЫНА АЙНАЛҒАН ТАЛАЙ ҰЛАҒАТТЫ АНАЛАР БАРЫ СӨЗСІЗ. СОЛ ҮШІН ОЛАРҒА ДЕГЕН ҚҰРМЕТ ҚАШАНДА ШЕКСІЗ.
Көктем мезгілімен бірге келетін нәзікжандылар мерекесі жыл са­йын ауданымызда елеусіз өтпейді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында бірнеше отбасында болып, аналарға құрмет көрсетті. Олардың қатарында Жаңажол ауылының тұрғыны ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері Бибігүл Әбішева және Жосалы кентінің құрметті азаматы, тыл ардагері Күләй Қалмаханқызы бар. Бұл аналардың әрқайсысы да саналы ұрпақ өсіріп, еңбектің көрігін қыздырғандар. Жақсы жар, ардақты ана атана білгендер.
Мерекелік көңіл-күйде отбасына барып құттықтаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жұлдызхан Байназарұлы әзиз аналарға сый-сияпат жасады. Сондай-ақ олардың хал-жағдайын біліп, мерекелік тілегін білдірді.
– Жер бетіндегі жақсылық атаулы аналардың үлкен жүрегімен әрленеді десек, жылына бір тойланатын мерекеде сіздердің еңбектеріңізді бағалап, сый-құрмет көрсету парызымыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Өздеріңіздің қолдауларыңыз жүрекке сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Әрқашан шаңырақтарыңызда қуаныш, береке болып, көңілдеріңізден жылылық кетпесін, – деді ол.
Мұнан соң аудан әкімінің міндетін атқарушы биыл «Балалар жылына» орай кенттегі ерекше балаларды да арнайы құттықтап, сыйлықтар табыс­тап, тәттілермен қуантты. Олардың ата-аналары «балаларымызға көңіл бөліп келгендеріңізге алғысымыз шексіз» деп ризашылығын білдірді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
10 наурыз 2022 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10435)

05 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 342
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930