» » АБЫЗ-АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

АБЫЗ-АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Ана мен бала. Ажырамас егіз ұғым. Тәуелсіз елде бесігін алаңсыз тербеткен ана бақытты. Ана мен әке мейіріміне қанып өскен бала бақытты. Еліміздің де Елбасының да тілеуі осы емес пе? Көктем мезгілімен бірге келетін Аналар мерекесі биыл да жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекеде 100-ге келген абыз-анадан бастап перзентханада жаңа дүниенің есігін ашқан жас сәби де құрметке бөленді. 
Ұзақ жасау да – бақыт. Немере, шөбере, шөпшегін көруден асқан қуаныш бар ма? Адам баласының ұрпақ сүюден, оған жақсы тәрбие беруден өзге қандай шаруасы болуы мүмкін. Саялы бәйтеректей жапырағын кеңге жаю, ғасыр ғұмыр кешу – кез келгеннің маңдайына жазыла бермейтін бақ. Ұзақ жасау да, ғибратты іс қылу да –  біздің абзал аналарымыз үлгі-өнеге. Осы ретте, аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев халықаралық Аналар мен қыз-келіншектер мерекесі қарсаңында бірнеше отбасында болып, аналарға құрмет көрсетті. Олардың қатарында өңірдің ең қарт тұрғыны, бүгінде 100-ді жүзіктеген тыл және еңбек ардагері Даржан Қошыретова, сондай-ақ 90 жасқа жуықтаған Аршын Қуатбаева, сексеннің сеңгіріне шыққан Қанша Өксікбаева, жетпістің желкенін керген Назым Аймаханова мен Базаркүл Әбдиева бар. Кейуаналардың қайсысы да саналы ұрпақ өсіріп, еңбектің көрігін қыздырған аналар. Жақсы жар, ардақты ана атана білгендер. Анаға құрмет көрсету, оларды әлеуметтік жағынан қорғау – қашан да мемлекетіміздің басты принциптерінің бірі.
Мерекелік көңіл-күйде отбасын аралаған аудан әкімінің орынбасары абыз-аналарға сый-сияпат жасап, аудан әкімі мен ардагерлер кеңесінің құттықтауын  тапсырды. Сондай-ақ олардың хал-жағдайымен танысып, мерекелік тілегін білдірді. 
– Қазақ халқының басынан ауыр нәубат өтті. Соны төзіммен, еңбекпен жеңген ұлтпыз. Біздің көргеніміздің бірін де ұрпағымыз көрмесін деп тілейміз. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбітшілік заманда өмір сүрудеміз. Енді осыны ұстап тұру – жас ұрпақтың қолында. Бізге осынша көңіл бөліп жатқан Елбасына, шаңырағымызға арнайы келген Еркебұлан баламызға алғысымыз шексіз. Біздің жасымызды берсін Алла сендерге, – дейді бір ғасыр ғұмыр кешіп отырған  Д.Қошыретова ақ батасын беріп.  
Аналарға құрмет көрсету барысында аудан әкімінің орынбасарымен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов те бірге болды.                  
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕК,
«Қармақшы таңы». 
12 наурыз 2019 ж. 1 298 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 054

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031