» » Ел үміті – Аманат

Ел үміті – Аманат


Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен 2022 жылдың 1 – наурыз күні жетекші партияның кезектен тыс ХХІІ–ші съезі өтті. Съезге еліміздің әр аймағынан – 393 делегат қатысты. Сын сағатта бірлік сақтап қолдау білдірген барша Отандастарға алғысын білдірді. Мемлекет басшысы партияның келешегі жөнінде айта келіп, бұған дейінгі партияның атқарған жұмысын ұмытуға болмайтындығын ескертіп, еліміздегі «Жаңа Қазақстанды құру жөніндегі ауқымды міндетті орындауға кіріскенін айтты». Сонымен бірге күн тәртібіндегі негізгі мәселе партияны жаңғырту екендігін ескертіп, Заман, Қоғам, Адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заман талабы, заңдылық деп айтылған бастамаларды бастап назарға алды. Егемендігіміз, елдігіміз, береке – бірлігіміз, кең байтақ жеріміз бізге бабалардан қалған аманат. Осындай қастерлі, қасиетті құндылықтарымызды келешек ұрпаққа көздің қарашығындай сақтап, мирас етуіміз керек. Себебі ата-бабаларымыз аманатқа қиянат жасамаған. Бірқатар ұсыныстар ішінен «Аманат» атауының қолдау табуы халық көңілінен шықты. «Біз қашанда бабалар аманатына адал болуымыз керек», деді мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловқа партияны жаңғырту жоспарының негізгі бағыттарына жергілікті жерлердегі партия құрамын нығайтуды тапсырды. Сондай-ақ, партияның «Жастар қанатының» жұмысын толықтай қайта жаңғыртуды ұсынып, партия қатарына нағыз көшбасшы беделді жастарды тарту керектігін атап өтті.
Ауыл жастарына арналған «Өрлеу» жобасы, «Қайсар» атты әскери – патриоттық жоба іске қосылды. Ашықтық, әділдік, мемлекетшілдік қағидаттары “AMANAT” партиясының ең төменгі бірлестіктерінен бастап мәжілістің фракция деңгейіне дейін сақталмақ.
Жаңа Қазақстан тұжырымдамасы халық игілігі тұрғысындағы істермен жалғасын таба береді.
Ең маңыздысы Қазақстан саясатында жариялылық, тұтастық, бірлік орнайтыны айқын. Өйткені Аманат – әділет партиясы, ел бірлігі партиясы. Әрбір Қазақстандықтардың мүддесі жолында әрекет ететін партия болмақ. Сөз соңында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстанның Тәуелсіздігі. Жауапкершілік жүгі қаншама ауыр болса да, одан еш қаймықпаймын» деген сөзі барша қазақ халқына сенім ұялатты деп ойлаймын.
Тәуелсіздігіміз баянды болсын.

Зарипа ТАСЫМОВА,
аудандық мәслихат депутаты
05 наурыз 2022 ж. 385 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 906

Сұхбат

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 940

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031