» » Ел үміті – Аманат

Ел үміті – Аманат



1 наурызда Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде партияның атауы «Аманат» деп өзгерді. Осылайша халықтық партияға үлкен жауапкершілік – халқының аманаты жүктелді. Қазақ халқында «Аманат» деген сөзде үлкен мән бар. Осы бір ауыз сөздің өзі еліміздің бүкіл арман-мақсатын жүктеп тұр. Партия төрағасы съезде бірқатар басым міндеттерді атап өтті.
1. Халықпен кері байланыс жасау тиімділігін арттыру.
2.Партияластар арасында ынтымақтастықты арттыру.
3.Партияның жұмысында ашықтықты арттыру
4. Партиялық бақылауды күшейту
5. Партияның бағдарламалық құжаттарын қайта қарау
6. Халықтың әр түрлі топтармен жұмыс істеу
7. «Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жетілдіру.
Партияның кезектен тыс съезінде Jas Otan жастар қанатының жұмысын толықтай қайта жаңғырту туралы мәселе көтерілді. Jas Otan – жастар арасында шын беделі бар нағыз көшбасшыларды топттастыруы керек. Сол кезде жұмысымыз нәтижелі болатыны анық Осы орайда, ауыл жастарына «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобаның ұсынылатыны қуантарлық жағдай. Бұл ауылдағы қарым-қабілеті мол, күш-қайраты тасыған жас буынның ерік-жігерін ел экономикасынын дамуына өз үлесін қосады,- деді Мемлекет басшысы. Сонымен бірге жаңа Қазақстанның иесі саналы, білімді жастар болуы тиіс екендігін де атап кетті.
Партия атауының өзгеруімен бірге, партия жұмысының одан әрі жаңарып, жанданатындығына сенім білдіремін, қолдаймын және партияластарыма сәттілік тілеймін!
Дильфура БАЙРАХТАРОВА,
облыстық мәслихат депутаты
04 наурыз 2022 ж. 556 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930