Ел мүддесі Аманатпен бірге
Партияның әрбір мүшесі съезді асыға күткені белгілі. Өйткені Партия Төрағасы Қ.Тоқаев еліміз үшін аса маңызды саяси-эәономикалық өзгерістер мен партияны жаңғыру жоспарларын жариялады. Бұл алдағы уақытта атқарылатын істеріміздің негізі болмақ.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық қалаулыларына халықтың сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру қажеттігі туралы айтты. Расында да халықтың Үкімет мүшелері мен әкімдерге деген сенім мәселесін көтеру керек. Барлық деңгейдегі партия депутаттарының рейтингтері, ең алдымен, дайындалған есептерге емес, нақты істерге, азаматтардың мәселелерін шешуге негізделуі тиіс. Бұл туралы бүгінгі жиында кеңінен айтылды. Енді депутат әріптестеріміздің жауапкершілік аясын кеңейту үшін фракция депутаттарының арасынан кураторларды бекіту қажеттігі туындайды.
«Жақында Мәжіліс депутаттары өңірлерді аралап келді. Мен бұл жұмысты бақылап отырдым, олардың жұмысында жаңа стиль, жаңа мазмұн пайда бола бастады, бұл қазірдің өзінде көрініп тұр. Ресми отырыстар аз болды, сайлаушылармен тікелей байланыс көп болды. Депутаттар жергілікті жерлердегі азаматтардың нақты мәселелеріне ене бастады. Мұндай тәсілді барынша нығайтып, дамыту қажет» деді Партия Төрағасы.
Ал партия атауының өзгеруіне келер болсақ, бұл халықтың, оның ішінде партия мүшелерінің ұсынысы негізінде жүзеге асқанын атап өткім келеді. Түйіндей айтқанда, партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерістерді ең алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның да өзгеруі, жаңаруы заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту ұсынылды. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым. Ендеше ел аманатын бірге арқалап, бірге ақтайық! Бұл ретте біздің күш-жігеріміз, әлеуетіміз, мүмкіндігіміз жетеді деп сенемін! Партиямен бірге өзіміз де жаңғырып, жаңарып, жаңа заман талабына сай жұмыс жүйесін өзгертейік!
Айдынбек СКЕНДИРОВ,
аудандық мәслихат депутаты
аудандық мәслихат депутаты