» » Облыста «Qabilet» қызметі ашылды

Облыста «Qabilet» қызметі ашылды



Облыстық білім басқарамасына қарасты «Дарын» қосымша білім беру орталығынан «Qabilet» қызметі ашылды. Шараға аймақ басшысының орынбасары Балжан Шаменова мен облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова қатысып, жобаның лентасын салтанатты түрде қиды.
Енді балаларының қабілетін аша алмай жүрген ата-аналар үшін «Qabilet» қызметі көмек көрсетуге дайын. Оқушылардың қабілеті мен кәсіби бағдарлануын диагностикалаудың ұлттық жүйесін құруды мақсат тұтқан орталықта 5 жастан бастап баланың қандай қабілетке ие екендігін анықтап, балаларға тәжірибесі бар мамандар жан-жақты қызмет көрсететін болады.
Орталықтың ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Балжан Мөрәліқызы жобаның мақсат-міндеттері мен облысымызда жүзеге асырылу барысы туралы атап өтті.
«Qabilet» қызметі аймақ оқушыларының қабілетін кең ауқымда анықтауға бағытталған жақсы жоба. Тест тапсыру арқылы баланың таланты қай бағытқа қарай сай келетінін анықтап, мамандық таңдауға жақсы көмек көрсетілуі қажет. Сонымен қатар, баланы дамыту жолында ата-аналарға да кеңес берілуі тиіс. Нәтижесінде, еліміздің жарқын болашағын бірлесіп қалаптастыратын боламыз, – деді Балжан Шаменова.
Айта кетейік, 4 кезеңнен тұратын жобада биылғы жылы 10-11 жастағы оқушылар қабілеттерді диагностикалау тестінен өткізіледі. Бүгінгі күні облыс бойынша 1353 оқушы диагностикалық тестілеудің І кезеңін тапсырып, 3 оқушы жобаның ІІ кезеңіне өтті. Диагностика мен қабілеттерді анықтау Елбасы Академиясының qabilet.elbasyacademy.kz онлайн платформасында және «Дарын» өңірлік орталығының базасында жүзеге асырылады. Қызмет кез келген оқушыға қолжетімді, тегін.
Шара соңында Балжан Мөрәліқызы «Елбасы медалі» жобасының жеңімпаздарымен кездесіп, оларға медальдар мен сертификаттар табыстады.


05 наурыз 2022 ж. 225 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№38 (10303)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (10302)

11 мамыр 2024 ж.

№36 (10301)

07 мамыр 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031