» » «Syr volonterlary» орталығы ашылды

«Syr volonterlary» орталығы ашылды

Қызылорда облысында «Волонтер жылын» нәтижелі іске асыру мақсатында «Syr Volonterlary» орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы М.Қазбекова, облыстық жастар саясаты мәселері басқармасының басшысы Қ.Жанұзақов, облыстық фронт-офистің жетекшісі Б.Айтбенбетов қатысып, орталықтың мақсат-міндеті айтылды. Волонтерларды бір орталыққа біріктіруге бағытталған мекеме «бір терезе қағидаты» бойынша жұмыс жасайтын болады.
Волонтер жылы аясындағы орталық 7 бағыт бойынша онлайн форматта жұмыс жүргізетін болады. Атап айтқанда,тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау шараларына бойынша «Birgemiz: Asyl mura», жоғалған адамдарды іздеу, зілзала қауіп-қатерін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жою бағытында «Birgemiz: Úmit», оқушылар мен студент жастарға үйірмелер, компьютерлік сауаттылықты арттыратын онлайн сабақтар мен курстар өткізуге бағытталған «Birgemiz: Bilim» және онкологиялық диспансерлерде, ауруханалардағы науқастарға медициналық көмектер беруге бағытталған «Birgemiz: Saýlyq» жобасы жүргізіледі. Оған қоса, қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазалау, ағаш отырғызуға бағытталған «Birgemiz: Taza Álem», қарттар үйлеріне, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған «Birgemiz: Qamqor» және өмірде қиын жағдайға тап болған жастар мен жас отбасыларға көмек беруге бағытталған «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобалары да қамтылатын болады.
Бүгінде орталық жұмысына азаматтық қоғам институтары, жастар ұйымдарының өкілдері, облыстық ішкі саясат, жастар саясаты және денсаулық сақтау, мәдениет, білім, жұмыспен қамту басқармалары мен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жұмылдырылған.
Орталық мекен жайы Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі 4А, Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйінде орналасқан. (Байланыс телефондары: 40-11-10 (1031), 40-11-10 (1032).
22 шілде 2020 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930