» » Патриоттық тәрбие ұясы

Патриоттық тәрбие ұясы


ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ БҮГІНІ МЕН ЕРТЕҢІ БОЛАШАҚ ҰРПАҚ ҚОЛЫНДА ЕКЕНІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМЫҒАН ТҰЛҒА ТӘРБИЕЛЕУ – КЕЗЕК КҮТТІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БІРІ.
«Ұлтын сүю – ұлтшылдық емес, ұлт­жандылық» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ұлттық болмысты нығайту – өзін басқалардан жоғары қою болып саналып, ұлтшылдық ретінде қаралмауы тиіс. Патриоттық сезім – Отанға, туған өлкеңе, өскен ортаңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтыңды құрмет тұту, туған тарихтан, ана тілден ажырамау, міне бұл – ел ертеңі жас ұрпақтың бо­йына сіңіретін қағидалар. Осындай асыл қасиеттерді мектеп табалдырығынан қалыптастырады.
Осы орайда №185 орта мектебінде де оқушыларға патриоттық тәрбие беру жолында көптеген іс-шаралар өткізіліп, жұмыстар жүргізілуде. Солардың бірі ретінде мектеп парламенті мүшелерінің «Ұрпаққа үлгі болар ұлы ерлік» тақырыбындағы 15 ақпан – Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай ауылымыздың ауған соғысының ардагерлері Мырзалы Айтмағанбетов пен Әбдісадық Пейішов ұйымдастырған кез­десуді айтуға болады. Кездесуге аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, майор Рүстем Тұрғанов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара бөлімінің офицері Қайсар Кабулов, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының инс­пекторы Сабыржан Әбдірахманов қатысып, жүйелі сұхбат өткізіп, оқушыларды Отанын сүйетін өз елінің патриоты болуға шақырды. Оқушылар да өз кезегінде әзірлеген қысқаша концерттік бағдарламаларын тарту етті. Сонымен қатар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
Оқушыларға ауған соғысының ардагері Әбдісадық Пейішов ауған жерінде болған естеліктерін айтып, сол кездегі сұрапыл соғыста майдан даласында өткізген әрбір күн, үрей мен қорқынышқа толы сәттер, Отанына, ата-анасына, бауырларына аман оралуды арман еткен үміт туын желбіретіп, алға ұмтылған кездерін еске алып, оқушыларға әңгімелеп берді.
«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кез­десіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.

Аида БЕКБАУЛИЕВА,
№185 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары
22 ақпан 2022 ж. 623 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 060

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031