» » Ең басты орында – ел мүддесі

Ең басты орында – ел мүддесі

ЕЛ СЕНІМІН АРҚАЛАҒАН ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, МҰҢ-МҰҚТАЖДАРЫНА ҚҰЛАҚ ТҮРУДЕ. ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ПІКІРІН ТЫҢДАП, ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН КӨЗБЕН КӨРУ МАҚСАТЫНДА СЕНБІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҒАЛЫМ ӘМІРЕЕВ АУДАНҒА АРНАЙЫ АТБАСЫН БҰРДЫ. ОЛ АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖҰЛДЫЗХАН ЕРҚОСАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ДАСТАН БУХАНОВПЕН БІРГЕ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРМЕН ТІЛДЕСТІ.
Іссапар аясында ең алдымен әлеуметтік саладағы маңызды бағыт саналатын ден­саулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесті.
– Елде болып жатқан өзгерістер өз­деріңізге белгілі. Президенттің Жолдаулары, үндеулері, сұхбаттары бұған айқын дәлел. 1 наурызға «Nur Otan» партиясының съезі жоспарланса, 15 нау­рызда Президент халыққа Жолдау жарияламақ. Елде орын алған жағдайдан кейін, қазіргі уақытта Жаңа Қазақстанға бетбұрыс болып жатыр. Менің білуімше, ауданның әлеуметтік-саяси ахуалы тұрақты. Ең бастысы – біздің елде тұрақтылық бар. Біздің негізгі мақсат – облысқа қарасты аудандарды аралап, Сыр елінде су тапшылығын болдырмау, өзге де елді толғандырған мәселелерге құлақ түру, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Сондай-ақ кездесуде медицина қыз­метінің сапасы мен оның қол­же­тімділігін қамтамасыз ету және халық денсаулығын жақсарту жайлы сөз қозғалды. Ауданның бас дәрігері, аудандық мәслихат депутаты Бақытжан Нысанбаев МӘМС жүйесінің тиімділігі туралы, емханаға қажетті аппараттар тізбегін, дәрігерлердің, арнайы мамандардың жетіспеушілігі туралы пікір білдірсе, аудандық емхананың ішкі аудит жөніндегі орынбасары ақхалаттылар тарапынан реформалардың өзгеруі, же­дел-жәрдем бойынша мәселелер, қағаз­бас­тылықтан арылу туралы ұсыныстарын білдірді.
Ғалым Әміреев бастаған топ әрі қа­рай аудандық ардагерлер үйінде қоғам белсенділерімен және ардагерлермен кездесті. Жиында ардагерлер атынан Әбдірахман Құлдүйсенов, Темірбек Пер­небаев, Смағұл Қауысовтар ауыл еңбеккерлерінің табысын көтеру, егістікке су жеткізу, тарифтік бағаларды төмендету және тағы да басқа елді толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Мәжіліс депутаты өз кезегінде Сыр өңірін­дегі су тапшылығының алдын-алудың қамы жасалып жатқанын және айтылған мәселелермен жіті таныс екенін жеткізді.
Сондай-ақ іссапар барысында №250 мектеп-лицейінде ұстаздар қауымымен кездесіп, аудандағы білім саласының жағдайымен таныс­ты. Мектеп директоры Гүлжаһан Мұнарбаева педагог мәр­тебесінің артып, жалақысының көбейіп жатқанына тоқтала келе, оқулық сапа­сының жайын да атап өтті. Сондай-ақ ұстаздарға берілетін коммуналдық тө­лем мен техникалық қызметкерлердің жа­лақысының аздығын тілге тиек етті. Өзге ұстаздар да толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды. Ал білім саласы қызметкерлерінің ауданға қатысты ұсынылған мәселелеріне аудан әкімінің орынбасары Жұлдызхан Байназарұлы пікір білдірді.
Мұнан бөлек, Парламент депутаты ау­дандық денешынықтыру-сауықтыру спо­рт кешеніне барып, құрылыс жұмыс­тарымен та­нысты. Іссапар әрі қарай жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь ғимаратында жалғасты. Биыл пайдалануға берілетін лагерьдің құрылыс жұмыстары толықтай аяқталған. Қажетті құрал-жабдықтар, төсек-орындар орналастырылған. Халық қалаулысы нысанды аралап, сала мамандарына ескерілуі тиіс кеңестер ұсынды.
Парламент депутаты аудандағы іссапарын Жаңажол ауылындағы «Жаңа­­жол» ЖШС ұжымы және ауыл тұр­ғындарымен кездесумен қоры­тындылады. Мұнда шаруашылық төрағасы Орынбасар Төлепов ауыл шаруашылығы саласындағы оңтайландыру мәселесі, техни­каның қымбаттылығы, субсидиядағы шектеулі ке­дергілер жөнінде ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ ауыл тұрғындары жайылымдық жердің жайы, әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы талап-тілектерін білдірді.
Ғалым Махмұтбайұлы әр сұраққа жеке-жеке жауап беріп, республика деңгейінде көтеруді қажет ететін мәселелерді Үкіметке депутаттық сауал ретінде жолдайтынын тілге тиек етті. Бұдан бөлек, жергілікті филиалдар арқылы партиялық бақылауда ұстап отыратынын атап өтті.
Айта кеткен жөн, Парламент мәжілісінің депутаттары барлық ауылдарды аралау­ды бұрынғыдан да жиілетіп, халықтың көкейіндегі сұрақтарды шешудің жолдарын қарастырмақ.

Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
22 ақпан 2022 ж. 706 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10361)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (10360)

30 қараша 2024 ж.

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 545

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 614

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031