» » Елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Елімізде эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді



 
Соңғы екі аптада сырқаттану деңгейі 4,7-ге төмендеді. Ал стационарда ем алатын науқастар саны екі есе азайды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі — Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
«Бүгін елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Амбулаториялық жағдайда ем алатындар саны 4 есе қысқарды», – деді Айжан Есмағамбетова ҚР ДСМ ұйымдастырған онлайн дәрісте.
Спикердің айтуынша, елімізде вакциналау жәнен ревакциналау жұмысы жалғасып жатыр.
«Бүгінгі күні қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 10 миллионнан астам қазақстандық алды. Бүгінгі күні егілуге тиісті ересек тұрғындарды вакцинамен қамту – 82 пайызды, жалпы халықтың 53 пайызын құрады. 2 млн 400 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті. Ол ақпан айында егілуге тиісті халықтың 52 пайызын қамтыды. Бұл көрсеткіш жаман емес», – деді бас мемлекеттік санитар дәрігер.


21 ақпан 2022 ж. 465 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930