Ұлы ерлік – ұрпаққа үлгі

Жұмбақ соғыс аталған бұл майданда мыңдаған адамның өмірі қиылды. Мыңдаған адам арбаға таңылды. Бұдан асқан қасірет бар ма? Жан алып, жан беріскен шайқаста отансүйгіштіктің, патриотизмнің ерен үлгісін көрсеткен ардагер көп. Ал олардың ерлігі әрқашан жас ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Жыл сайын бұл күнді ауған соғысы ардагерлерінің асыға күтетіні рас. Жыл сайын осы айтулы күнге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып та тұрады. Мәселен, мектеп оқушылары ардагерлермен кездесіп, сауал жолдап, оған жауап алып, патриоттық кештің куәсі болса, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлер Ә.Өміров, Н.Айсауытов, Р.Доспанов және А.Жыңғылбаевтарды еске алуға арналған мектеп оқушыларының дәстүрлі аудандық спартакиадасы өтті. Аудандық спартакиадада волейбол, тоғызқұмалақ, асық ату мен бес тас, гір тасын көтеру, қол күрес, үстел теннисі, АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтау, АК-74 қаруының оқжатарын жарақтау, пневматикалық винтовкадан ату бойынша бақсынасты.
Иә, «Ер есімі – ел есінде». Өз жанын қиянат еткен сол кездегі жас бала бүгінде бір үйдің асқар тауы. Олардың есімі әрқашан ұлықталып, ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Ал кеудесін оққа тосып, мәңгілік мекенге аттанған сарбаздарға бүгінгі ұрпақ әрқашан тағзым етеді.
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ