» » Балалар жылы: Мәселе мен ұсыныс

Балалар жылы: Мәселе мен ұсыныс

"БАЛАМ – БОЛАШАҒЫМ" ДЕЙМІЗ. "АДАМ ҰРПАҒЫМЕН МЫҢ ЖАСАЙДЫ" ДЕГЕН ТӘМСІЛ ТАҒЫ БАР. АЛ БОЛАШАҚТЫҢ БАЯНДЫ БОЛМАҒЫ БАЛА САНАСЫНА ЖАЗЫЛҒАН ТӘЛІМНЕН. РАС, БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕ АЯНЫП ЖАТҚАНЫМЫЗ ЖОҚ. АЛАЙДА КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН КЕЙ ДҮНИЕЛЕР ТЕК БІЛІМ МЕН ТӘЛІМНЕН ШЕКТЕЛМЕЙДІ.
Ой орамын басты қазыққа оралтайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жыл "Балалар жылы" деп жариялады. Әрине, қашанда балаларға ерекше назар аудару керек. Мемлекет басшысы бұл жылды тек ұрандап не мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керегін нықтады.
Осыдан бірер жыл бұрын жас­тар жылы, одан соң еріктілер жылы болды. Мейлі, 365 күнді алаулаған, жалындаған жастардың еркіне бердік. Бірақ не өзгерді? Жалындағанын да, жайының жөнделгенін де көре қойған жоқпыз. Құр есеп, құр жиын мен құр атақ. Жастарды жаппай жұмысқа тұрғызып, зейнет жасындағы басшылардың жаппай жылыстағанын да байқамадық. Дегенмен, бұл жолғы атаулы жылды Прези­дент сол секілді алаулатып жалаулатпаңдар деді ғой. Ендеше балалар жылында не істеу керек?
Алдымен, баланың өмірге құштарлығы, білімге, өнерге әуестігі барлығы делік оның балалық шағынан бастау алады. Бастау алып қана қоймай, оның бақытты өтуіне тікелей байланысты. Өкініштісі сол, бізде балалардың үштен бірі мұндай бақытты балалық шақтың дәмін тата бермейді. Жетімсіреуі бір бөлек, ыза-кек, өшпенділікпен санасын суаруда. Себебі, елде шаңырақ көтерген отбасылардың үштен бірі ажырасып кетіп жатыр. Ұлттық статистика бюросының деректері негізіне сүйенсек, 2020 жылы Қазақстанда 128,8 мың неке қиылған, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 7,6 пайызға аз. Ал бір жыл ішінде ажырасқан отбасылар саны 22,5 мыңға жеткен екен. 2019 жылы елде 59,8 мың неке бұзылған. Енді қараңыз, қаншама жанұядан тірі жетімдер бөлініп шықты. Енді, Президент тапсырмасымен отбасылардың ажырасуының алды алына ма бұл да бір өзекті мәселе болып қалмақ.
Одан соң бала денсаулығы бас­ты орында болуы шарт. Бір ғана Қызылорда облысында 5582 бала мүгедек болып отыр. Олардың ішінде тұқым қуалау салдарынан бөлек экологиялық және дәрігердің салғырттығынан сал болып қалғандары бар. Сол балаларды емдету жайында көптеген түйткілдер әлі оңтайлы шешілер емес.
Талма ауруына тап болған баланың басын аппаратқа түсіру ел бойынша ақылы. Осы аппаратқа түсуді тегін қылу қажет. Оның үстіне маман аздығы да мәселе. Мысалы, эпилептолог маман тек ақылы негізде ғана қызмет көрсетеді. Мүгедек балалардың экскурсиясы жолға қойылмаған. Ерекше балаларға берілетін жәрдемақы мөлшері де аз. Себебі аурулы балаға дәрі-дәрмек көп жұмсалады. Оның үстіне бағалары да әр түрлі. Баланы ірі қалаларға барып емдету үшін қаржы таппаған қаншама ата-ана қайыр сұрағандай болып еңіреп жүр. Баланы емдетуге берілген квотада тек балаға қаржы бөлінеді. Ал баласын емге апаратын ата-анаға ешқандай көмек көрсетілмейді.
Қазір әлеуметтік желіні аша қалсаң, баланы шетелге апарып емдетуге ақша сұраған ананы көреміз. Мүмкін шетелдік мамандар белгілі бір уақытта елге келіп, балалар қаралып тұрса, қалай болар еді?
Бала бақытты болса, отбасы бақытты, айнала бақытты, тұтас ел, ұлт бақытты. Ал бақыттылардан дем алған бала нағыз мемлекеттің тірегі болмақ.

Айнұр ӘЛИ
12 ақпан 2022 ж. 1 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 033

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031