» » Дария деңгейі қандай?

Дария деңгейі қандай?


КӨКТЕМ ЖАҚЫНДАСА СЫРДЫҢ БОЙЫНДАҒЫЛАРДЫ САРЫ УАЙЫМҒА САЛАТЫН ҮЛКЕН ҚАУІП БАР. ИӘ, БҰЛ ӨЗІҢІЗ БОЛЖАП ОТЫРҒАН СУ ТАСҚЫНЫ. КҮН КҮРТ ЖЫЛЫНСА СЫРДАРИЯНЫ ЖАҒАЛАП, МҰНДАҒЫ МАМАНДАР ТАБАНЫНАН ТІК ТҰРАДЫ. БҰЛ ЖЫЛДАҒЫ ҮЙРЕНШІКТІ ЖАҒДАЙ. СЕБЕБІ АЙТЫП КЕЛМЕЙТІН АПАТ, МҰЗ ҮСТІНДЕГІ БАЛАНЫ, БАЛЫҚШЫНЫ, ТІПТІ БҮТІН БІР АУЫЛДЫ СУ АСТЫНА АЛДЫ ДА. АЛ СОЛ ӨЗЕННІҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ ҚАЛАЙ? ДАРИЯДАН ҚАУІП БАР МА?
Күні кеше өзенді көзбен көрмекке жағасына барып қайттық. Ағысы қатты дарияның сыры бүгінде мұз астында. Ішіне бүгіп жатыр. Беті қалың мұз. Кейпіне қарасаң қорқынышың оянады. Қазір күннің күрт жылынуы мұздың еруіне сеп болып тұр. Қанша қалың деп мұз үстімен жүргеніңізбен кенеттен түсіп кетуіңіз ғажап емес. Сол үшін төтенше жағдай бөлімінің мамандары күні-түні дарияны торуылдап, сақтық шарасын орындауға үндеп жүр. Себебі мұз үстіне қызыққан бала өзен жағасын жағаласа, нәпақасын судан іздеген балықшылар мұз үстін ойып, қармақ салуда. Ал мұндайда қауіпсіздік шарасын ойлап жатқан ешкім жоқ. Бір кездері мұзда ойнап суға кеткен баланы, көлігімен суға батқан балықшыларды ел есеңгіреп іздеді емес пе? Қазірде қауіп жоқ деуге болмайды. Аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары қазіргі күні су деңгейін төмен дегенімен, қамсыз отырмауға шақырады.
– Алдыңғы жылдармен салыс­тырғанда биыл Сырдарияның дең­гейі төмен, бір қалыпты. Мұз толығымен ұстасып тұр. Алайда тұрақты бақылауымызда. Сырдария өзені ауданның үстінен ұзындығы жағынан 238 шақырым өтіп жатыр. Бүгінгі күні өзеннің деңгейі – 98,09, ал мұздың қалыңдығы 8-10 сантиметр. Су тасқынының алдын алуға байланысты ақпан айында облыс көлемінде "Қыс және көктем кезеңінде су тасқынының қолайсыз дамуы жағдайындағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшін жүргізілетін авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу" тақырыбында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді. Қазіргі күні ауданда азаматтық қорғаудың күш құрылымында 23 техника, 110 қызметкер есепте тұр. Одан бөлек мұздағы қауіпсіздікке байланысты кент тұрғындарымен, балық аулаушылармен кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, – дейді төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Назарқұлов.
Табиғаттың тосын жайын ертеден бақылаған дана қазақ "Су – тілсіз жау" деп бекер айтпаған. Ендеше судан келер қауіпке бей-жай қарамай, апаттың алдын алып, өз өмірімізді сақтайық.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
12 ақпан 2022 ж. 548 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 350

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 431

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930