» » Қорқыт – түркі әлемінің ғұлама ойшылы

Қорқыт – түркі әлемінің ғұлама ойшылы

Қорқыт Ата - түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі.
Әр халықтың бастан кешірген тұтас бір дәуірінің болмыс-бітімін, таным-тіршілігін айшықтап көрсететін ерекше тұлғалар болған. Солардың бірі де бірегейі–түркі халықтарына есімі ежелден таныс Қорқыт ата. Қай кездегі адам бейнесін алсақ та, оның бір кездегі тарихи шындықтан туғанына дау жоқ.
Әулиелігімен, даналығымен, өнерімен, өмірге деген ғашықтығымен әлемге әйгілі болған Қорқыт ата жалпы түркі әлеміне ортақ ғұлама. Әрине ол кезде қазіргі ұлтттардай халықтар жетілмеген болатын. Сондықтан Қорқыт тұлғасының этникалық ерекшеліктері туралы пікірталастыру¬ мардымды нәтиже бермейді.
Қорқыт қазақ халқының тарихындағы сұлу легенда, ұлы суреттің бірі. Халық аузынан қалған қандай легенда болсада, Қорқыт пернесінен асқан асқарлы бейне өткен ғасырлардың ешбірінде болған емес.
Бұл жерде біз Қорқыттың кім екенін, оның халық жырындағы ерекшелігін жазбас бұрын,алдымен Қорқытты шығарудағы мақсат не, оны туғызудағы халықтың тілегі не еді. Қорқыт бейнесін ғасырлар бойы қызықты көруге әсер еткен қандай шаруашылық, салт сана бар еді.Міне осыларды айта келіп,содан кейін Қорқыттың өз өмірін, оның легендасын, Қорқыт және ол кездегі мәдениет ошағы болған өлкелер туралы айтсақ, «Қорқыт» жыры ұғылуға тиісті.
Тарихи жазулардың жобалауынша Қорқыттың жасаған дәуірі Оғыз дәуірі. Бұл кезді екінші түрде «Түрік хандығы»деп атайды. Мүмкін Қорқыт сол кездегі жұртшылықтың белгілі қариясы болып,Оғыз олардың жұрт басқарушы елағасы болуы ғажап емес. Мұны тарихи зерттеулерде солай жобалайды.
Қорқыт пен Оғыз шыққан дәуірде, саяси тіршілік бұрынғыша Оңтүстік өлкесінен шөлейтке беттемей, қаңлы-қыпшақ жұрты бұрынғы мәдениет ошағы болған жерлермен астасады. Ордос пен Донай өзенінің арасындағы кең жазықта бұлар күшті мемлекет құрып,бір жағы Иран, бір жағы Қытай, бір жағы Румия (Византия),Мысыр жерімен астасып, дүниедегі ең мәдениетті жұрттармен қатынас жасайды. Бұл кездегі қаңлы-қыпшақ жұрттарының ру басы иналдары ертедегі «тәңірі» деп аталған салт бойынша енді «хан» атағын алып, бұрынғы бытыраған руларды бір билікке бағындырады. Жетісу Сырдария өлкесінен бірнеше мәдениет ошағы құрылып ол кездегі қаңлы-қыпшақ жұрты қытай тәртібінше таста жазу қалдырады.
Қорқыттың әңгімесі жай қиялдан шыққан нәрсе емес. Қорқыт бір кездегі қауым тіршілігінде белгілі орын алған атақты адамның бірі. Қай кездегі легендаға айналған адам бейнесін алсақта, ол бейне бір кездегі тарихи шындықтан туғанына сөз жоқ..Оның ішінде Қорқыттың тарихи адам болғанына ешкім таласпауына тиісті.
Қазақтағы Қорқыт аңызын дәстүр етіп сақтаушылар. «Деде Коркут» кітабын терең зерттеген, оның көп ғасырлар ішінде үздіксіз айтылып келе жатқан «Қария сөздерін»қазақ пен түркімендер ортасынан айқындап тапқан аяулы ғалымдар Ш.Уалиханов,М.Әуезов, В.Бартольд, В.Жирмунский, Фуад Копрюлу, О.Кокжай, сияқты ғалымдардың зерттеулерінде де тарихи шындықтар бар.Егер кейінірек шыққан «Деде Қорқыт кітабын» былай қоя тұрсақ, ескі дәуірдегі Қорқыт туралы айтылатын қария сөздерді,ғажайып әфсаналарды сақтап келген бір ғана қазақ пен түркімендер екен.Академик В.Бартольд пен В.Жирмунскийдің «Қорқытты қадірлеудің Сырдария жағасында мың жылдық өнегесі бар»,-деуі осыған дәлел.
Қорқыттың аңыздарын , оның нақыл сөздерін аса жүйрік білетін қазақтың қария даналарының ең атақтысы Базар жырау, қадірлі қазалылық шежіреші Мүләйман Шантайұлы, шежіре қарт Мұса Өтешұлы, ақын Ерімбет Көлденбекұлы,жырау Тұрымбет Салқынбайұлы,қармақшылық Әлқуат Қайнарбайұлының Қорқыт туралы екі қолжазбасы біздің қарамағымызға түсті.Ташкент түбіндегі Сіргелі қаласында тұратын Жақып ата.Ол кісі Қорқыт ата туралы көп кісіні білген,солардың бірі қызылордалық Соқыр абыз.Ол кісі қобызымен Қорқыттың сарынын тартқан кезде жұрт қобыздыңғ толқынды даусына таңқалып тұратын болған.
Қорқыт туралы айтылатын қазақ аңыздарын, қария сөздерін, ғажайып әфсаналарын көп жинаған, әсіресе Ә.Диваев. Оның жазуларында Қорқыт қазақ жырларының атасы, атақты күйші, қазақ қобызшыларының пірі.Ең тамаша беттері- Қорқыттың аңызға айналған тумысы, оның ортасы,Қорқыттың сәуегейлік істері,нақыл сөздері, Қорқыт пен ажал,оның өлімге дауа іздеуі, әзірейілмен таласуы,дүниенің төрт бұрышын кезуі, бұл кезде оған ұлы күш берген оның «желмаясы» ол туралы айтылатын жеке аңыздар.
Бұл әфсаналар өзінің тарихи негізін еш уақытта жоғалтпай, қазақ сахарасындағыдай өзінің әдемі түрін кейінгі заманға дейін сақтап келген.
Рашиддин жазып алған әфсана бойынша Қорқыт үш ханның уәзірі болған. Олар Инал сар Ябгу хан, Дойлы, Көл Еркі. «Қорқыт»хикаясында Қорқыт әр уақыт мегзеу сөздер сөйлейді, оғыз қауымының халін баяндайды.Қандар істер болсада, оның кеңесінсіз жүзеге аспайтын, ол не айтсада қабыл болатын.

10 ақпан 2022 ж. 1 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 355

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 436

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930