» » Ақпанда қалың қар түсті

Ақпанда қалың қар түсті

СЕНБІДЕ АСПАНДЫ БҰЛТ ТОРЫҒАННАН-АҚ «ӘЙ, ОСЫ БІРДЕҢЕ ЖАУАЙЫН ДЕП ТҰР» ДЕСТІК ТАЛАЙЫМЫЗ. ҚАЗІР БҰРЫНҒЫДАЙ ЕМЕС, ЖАЛМА-ЖАН ҚАЛТАФОННАН БҮГІНГІ АУА РАЙЫНЫҢ ҚАНДАЙ БОЛАТЫНЫН БІЛІП АЛАСЫҢ. РАСЫМЕН, ҚАР АРАЛАС ЖАҢБЫР ЖАУМАҚШЫ ЕКЕН. КЕШ ҚАЙТА СУЫҚ ЖЕЛМЕН АҚ ЖАҢБЫР ДА СЕБЕЛЕЙ ТҮСТІ.
Демалыс күнгі таң. Ұйқыдан тұра сала тысқа шыққан талайы ерімеген қар үстін «қар ғой» деп баса қалып, тайып құлады. Етік болсын, гәлөш болсын, әйтеуір не болса да аяғың сырғанап, діттеген жерге әрең жетесің. Жер беті теп-тегіс мұз. Жалтырап жатыр. Абайламасаң тайып жығылып, бір жеріңді майып қыласың. Көшедегі зуылдаған көлік те тоқтаған. Әлеуметтік желі арқылы «дала тайғақ, жолға шықпаңдар» деген сарындағы әңгімелер қайта-қайта келіп жатыр. Тіпті үлкен тас жолының бойында апатқа түскен автокөліктердің видеосы таралып, қорқыныш әбден бойды биледі.
Осындай сәтте үйден шықпай, барынша қауіпсіздігімізді сақтап жатқанымызда аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне жұмыс қыза түсті. Олар ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, аудан көлеміндегі жол көлік оқиғасының алдын-алу және жол қауіпсіздігінің сақтық шараларын қабылдау мақсатында қоғамдық көлік жүргізушілеріне және жеке автокөліктердің жүргізушілеріне сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аудан тұрғындары мен қонақтарын ауа райының күрт өзгеруіне байланысты автокөліктерді жүргізу барысында жол жүру ережелерінің талаптарын қатаң сақтап, жылдамдықты асырмай, ара қашықтықты сақтауларын сұрады.
Ал әлеуметтік желіде Жосалы кентінің әкімшілігі «Кенттің орталығы көк тайғақ. Адам өмірі қауіпсіздігі үшін автокөлік қозғалысына шектеулер қойылды. Сол себепті, аса қажеттілік жұмыстар болмаса үйден шықпауларыңызды сұраймыз» деп ескертті. Сонымен қатар кент көшелерінің бойына құм сеуіп, тайғақ жолдың алдын алды.
Дүйсенбі күнгі таң қалың қармен атты. Мұз үстін ақ ұлпа жауып, қалыңдығы биіктей түскен. «Қансонарда бүркітші шығады аңға...» демекші, аңға асыға, ентелей шықты көбі. Балалар мектепке, балабақшаға барамын дегенше аққала жасап, қар атысып үлгерді. «Жаңбырдың жауғаны жақсы, көктемде жер ылғал болады» деп болжады үлкендер. «Ақпан аяғында аяз айылын жиып, қыс қаһарынан айырылады» дестік біз де.
Айнұр ӘЛИ
08 ақпан 2022 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 042

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031