Конституция

Кенші





(Қабылбек Аршын
«Шахтёр» картинасы)

Өнердің бәрі асыл, білемін,
Кез келген білмес мұның
құнын шын.
Суретші, саған басымды иемін
Толғағы терең туындың үшін.

Болмысын бағып бұл ғажабыңның,
Дөң асып кеткен көңіл-дөненім.
Бояуында екен қылқаламыңның -
Беу, боямасыз өмір дегенің!

Алапат ойдан арылмай кейде,
Сезімді менше кім кешіп көрген?
Жетіген аспап сазындай дей ме,
Жеті түс тұтас үндесіп берген.

Күрделі кескін – өндір ер мүсін,
Кенепте көркем өмір тұр анық.
Нені елестеттім, сен білемісің,
Суретке анау көзім суарып.

Түнектей туннель. Қадымың ғаріп,
Абайсыз аяқ бастың ба? Құрдым!
Жеті бояуды жамылып алып
Жеті қат жердің астында жүрмін.

Кеншімін нағыз, қараған жанға,
Селкеусіз сенім қонды реңіме.
Бұрғыны қадап қара маржанға
Бұла күш бітіп сом білегіме.

Ерлікке солай құмарымды ашқан,
Жарқырап үміт маңдайымдағы.
...О, сендер – өмір шырағын жаққан
Қарағандының нардай ұлдары.

Өнердің өзі... Шындығың – бұл да,
Аңдасаң, мұнда мұнарлайды арман.
...Шым батып ойдың тұңғиығында
Шеберханаңнан... шыға алмай қалғам.

Достық ТІЛЕУБЕРГЕНОВ

01 ақпан 2022 ж. 782 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (10518)

04 шілде 2026 ж.

№49 (10517)

30 маусым 2026 ж.

№48 (10516)

27 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 424
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

ОРДАЛЫ ЖЫРДЫҢ ОРАҒЫ

21 маусым 2026 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031