» » Адалдық пен сатқындық (поэма)

Адалдық пен сатқындық (поэма)



Серттен таймас жандар, сipә, жаны iзгi,
Ар алдында өтеу мiндет парызды.
Шыңғыс ханның ордасына екі адам,
«Icпен келiп тұрмыз» депті маңызды.

Арып-ашқан жол жүргендей айшылық,
Тайпасынан еді бұлар Тайшығұт.
Аталас бір тайпалардан болғанмен,
Арада көп болған еді қайшылық.

Тұнық судай болса бойда iзгi арың,
Түгесiлмес бүгін, сipә, тұз-дәмiң.
– Ал, сөйле, – деп бipеуiне үн қатты,
Төге қарап қабағынан ызғарын.

– Қаған, сiзден сұрай келдім кешipiм,
Тағдырымның сiз шығарар шешiмiн.
Сiздiң қолдан Тарғұтайды құтқарып,
Шайқасқан да мен Наяқа есiмiм.

– Менiң заңым,– деді қаған, – тым қатты,
Ұнатпаймын екі жүзді, бұлғақты.
Тарғұтайдың болсаң егер нөкерi,
Маған неге бас идің, – деп үн қатты.

Сауал тастап төтесiнен қояды,
Түсiнiктi болса-дағы ойы ары.
Себебі бар жақын туыс тайпалар,
Сахараның деп таниды нояны.

– Ағайынның болса қиын көзі ала,
Талай қырқыс жасадық рас өзара.
Бас сауғалап кеткенiнше Тарғұтай,
Адал болу мiндетiм ол қожама.

–Болу парыз қожасының қорғаны,
Iштей разы болды қаған ол дағы.
Бiтicпейтiн жауы болдым ханыңның,
Бiлемiciң?
– Білем,
–Бiлсең болғаны!

– Иә, сен сөйле, келді, мiне, кезегiң,
Бірақ бұл сұм еді сатар өз елін.
Маңызды бip хабарың бар секілді,
Тыпыршыған қимылыңнан сеземін.

– Иә, рас, қаған келдім сыйлық алуға,
Деп кipicтi қаптың түбін қағуға.
Домалаған басты көрiп көпшілік,
Тарғұтайды жазбай бәрi тануда.

Соның өзі, танымайды жауын кiм?
Еске түсті қуғын көрген ауыр күн.
Сахараны билеп төстеу жолында,
Аямайды болса дағы бауыр кiм.

– Ал сен кiмсiң деп қарады үңiлiп,
– Тодо сен бе? – деді қатқыл үнi нық.
– Қия көр, – деп еңбегіме жанымды,
Опасыз сұм кетті жаннан түңіліп.

– Уа, ханеке, таға көрме текке мiн,
Тек сiз үшін бүгін ерлік еткенiм.
Тарғұтайдың қаһарына шыдамай,
Шындық еді ipге бөлiп кеткенiм.

– Жә-жә, доғар сатар сенсің елiңдi,
Алып сенен қайтарамын кегiмдi.
Менiң әкем ер Есугей есiңде,
Санағаны сені нөкер сенiмдi.

Iзге түстің қару алып қолға күн,
Жау көрмесең болған едім сонда кiм?
Аттап өтіп әруағынан әкемнің,
Есiңде ме менi өлтірмек болғаның?

Тәңір қолдап менi сол сәт таппадың,
Сүргiнменен атып жүрді ақ таңым.
Өлуiңе себеп бүгін қожаңмен,
Менiң әкем Есугейдi сатқаның.

– Кешipe көр, енді күңiң болайын,
Күтіп жүрдім кек алмақтың орайын.
Мына сiздiң жауыңызды мерт еттім,
Iзiн кесiп арасында тоғайдың.

– Солай делiк, болды, жетер жарайды,
Сендейлермен болмас күнiм арайлы.
Опасыздың басын мына алыңдар,
Сатып кеткен онысыз да талайды.

Сездi бейбақ бұл өмірден өтерiн,
Ұғынғандай өмір жалған екенін.
– Ал Наяқа енді менің сенiмдi,
Боласың сен, – деді – қаған нөкерiм.

Деді Жошы: – Сенбе әке кiм-кiмге,
Сатып кетер бұл да сiздi бip күнде.
– Доғарыңдар, тастамапты қожасын,
Маған адал болмауы бек мүмкін бе?

Адал болса жанғаны да бағының,
Сүрiнбейдi таза болса ары кiм.
Бұл бip жырды жазғандағы мақсатым,
Алсын деген ойым ұрпақ тағылым.

Руслан СӘУЛЕБЕКҰЛЫ
25 қаңтар 2022 ж. 909 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031