» » Ұстаз мәртебесі – ұлт беделі

Ұстаз мәртебесі – ұлт беделі


Мамандық. Адамның бүкіл ғұмыры дерлік осы тақырыппен байланыс­ты екенін аңғару қиын емес. Десек те ұстаз болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы, ұстаз болу – сезімнің ақылдығы» деп Ғафу Қайырбеков айтқандай, ұстаз – білім, ғылым негізін өмір бойы қоғамда болсын, шәкірттеріне болсын дәріптеуші, жеткізуші болса, үнемі шәкіртімен байланыста болып, ізденімпаздық танытқан, әр баланың арманы мен болашағына басшылық етуді, нақтырақ айтқанда дұрыс жол сілтеуші мамандық иесі болып табылады. Менің осы салаға келуімнің өзі жас күнімнен мұғалім болуды армандап, еліктеуімнің арқасы шығар. Армандай білгенім, әдебиетті сүйіп оқуым да себеп болды. Өз мамандығыммен мақтанамын. Мектепке келіп, шәкірттерімді көргенде ізденген үстіне іздене бергім, жоғарыға өрлей бергім келеді, одан бетер қанаттана түсемін.
«Жас шыбықты қалай исең, солай майысатыны» сияқты баланы жас кезінен бастап тәрбиелеуіміз қажет. Осыған орай тілге тиек ете кететін жайт, республика бойынша «Балапан» телеарнасы жұмыс жасап жатыр. «Балапан» телеарнасы арқылы әрбір үйдің бүлдіршіндері тәрбиелік мәні бар бағдарламаларды тамашалап, әсіресе қазақ тілінің тазалығына үлес қосып жатқандай. Бүлдіршіндеріміз біршама сөздердің таза қазақшасын осы телеарна арқылы үйреніп, қолданып та жүр. Әрине, оған қуаныштымыз. Елбасы қолдаған «Балапан» телеарнасы өткен оқу жылында мемлекетіміз бойынша қаншама балаға «онлайн» яғни, қашықтан білім беру мақсатында тікелей сабақтар өткізіп, білім нәрімен сусындатты. Оған барша қазақстандық куә.
Сонымен қатар мұғалім – жер бетінде тыныштық пен бейбіт өмірдің орна­уын қамтамасыз етіп, өмірде кездесетін қолайсыз не қолайлы жағдайларда өзін дұрыс ұстауға бағыт-бағдар береді, үйретеді. Егер педагог өзін талапқа сай, дұрыс ұстаса, өз ісіне берілген жан болса, онда бізде жарқын және көзі ашық, көкірегі ояу, білімді ұл-қыздар көп болмақ.
Ықылым заманнан бері мұғалімнің атқаратын рөлі қай халықта болмасын ұлық болған. Педагог міндеттері басқарушылар мен ата-аналардың міндеттерімен қатар құрметтелген. Ұстаздар қай кезде де қоғамда үлкен сұранысқа ие, өйткені қоғамдық орындарда болсын, әлеуметтік ортаны қалыптастыру сол мамандық иелерінің қолынан келетін іс. Яғни ұстаз – жүзжылдықтан жүзжылдыққа болашақ ұрпақты жан-жақты даярлайды. Зор еңбекті бағалауға білім министрі де өз мүмкіндіктерін пайдаланып, жеңілдіктермен қатар ұстаз мәртебесінің қайта жандануына өз үлесін қосып жатыр. Тоқырау замандарда айтатыны жоқ, ұстаз мәртебесі өте төмен деңгейде болды. Халықтың көзқарасы да біршама өзгерді. Ал қазіргі уақытта мәртебеміздің көтерілуі үлкен серпін бергендей қанаттандыра түседі.

Назира ЖАКИПОВА,
№85 мектептің мұғалімі
25 қаңтар 2022 ж. 796 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031