» » Жәрмеңке жәрдемдесіп тұр

Жәрмеңке жәрдемдесіп тұр


СЕНБІДЕ КЕНТ ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ СЕКСЕНБАЕВ КӨШЕСІ БОЙЫНДА АУДАН ӘКІМДІГІ ЖӘНЕ «БАЙҚОҢЫР» ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ.
Жәрмеңкенің боларынан хабар алған ел-жұрт азанғы сағат 10.00-ден бастап сауданың көркін қыздырды. Базар бағасынан екі есе арзан өнімдер кім-кімді болсын бас сұқтырмай қоймады. Кезекке таласқан халық қалтасына қарай керегіне қол жеткізіп, жақсы көңіл күймен сауда жасады. Себебі қолжетімді бағадағы өнімдер қазіргі таңда сұраныстағы бірден-бір маңызды мәселе екені сөзсіз.
Жәрмеңкеге барлығы 30 тоннаға жуық азық-түлік өнімі әкелінді. Мәселен, бірінші сорттағы «Раял» ұнының келісі – 145 теңге, күріштің келісі – 250 теңгеден сатылды. Макарон өнімінің келісі – 195 теңге болса, қарақұмық жармасының келісі – 410 теңгеден саудаланды. Ал картоп – 145 тг, басты пияз – 70 тг, сәбіз – 150 тг, қырыққабат – 100 тг, ас тұзы – 40 тг, айранның литрі – 225 тг, сүзбе – 580 тг, сары майдың келісі – 2504 теңгеден сатылды.
– Жосалы кентінде ұйымдас­тыр­ылған жәрмеңкенің бағасы базар бағасынан төмен деп айтуға әбден тұрарлық. Себебі арзан болмаса осынша халық бұлай кезекке тұрып таласпас еді. Қазір нарықтағы баға ырыққа көнбей тұрған тұста бұл оның қасында едәуір қол жетімді. Үйіме қаппен картоп, одан бөлек басқа да керек азық-түлік алдым. Алдағы уақытта осылай арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырылып тұрса халық қуана келетіні сөзсіз, – дейді кент тұрғыны Жазира Мұсабекқызы.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
(сурет автордыкі)
25 қаңтар 2022 ж. 554 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 195

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 310

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930