» » Тоғызқұмалақтың тәрбиелік мәні зор

Тоғызқұмалақтың тәрбиелік мәні зор


«Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген,  менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып,  көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған»  деп Мұхтар Әуезов тегін айтпаса керек.  Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты сонымен қатар байсалдылықты, мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-қуаттың молдығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Себебі ойынға қатысу үшін алдымен оған адам­ның тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді.   Осы орай­да сөзім нақты болу үшін Төретам кентіндегі №85  мектепте тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында аудандық жарыс өтті.  Сайыстың негізгі  мақсаты – ұлттық  және зияткерлік, интеллектуалдық  тоғызқұмалақ ойынының аудандағы деңгейін көтеру, дамыту. Жарысқа аудан көлеміндегі №29, №30, №80, №85, №99, №111, №113, №183, №250, №274, №277, №269, №279, жалпы 13 мектептен 110-нан аса оқушы сайысқа түсіп, бақтарын сынады. Жарыс 9, 11, 13, 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ер балалар мен қыз балалар арасында жекелей түрде жас ерекшеліктеріне қарай бөлек өткізілді. Ойын барысында оқушылардың жарысқа жоғары деңгейде дайындалып келгені, тоғызқұмалақ ойынына деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі байқалды. Жарысқа облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген №85 мектептің оқушылары Айбек Айзақов, Ғибрәт Әбжәмиев, Қайыржан Рақашов және Інжу Советова секілді оқушылардың өнер көрсеткенін айтсақ болады. Жарыстың қорытындысы бойынша, оқушылар әр жас ерекшеліктеріне қарай марапатталды. Жалпы жарыста 8 алтын, 8 күміс, 16 қола, барлығы 32 медаль табысталды. Алдағы уақытта да ұлттық ойынымыздың өркендеп дамуы үшін көптеген жарыс болатынын және  оқушыларымыздың жарыстарда жоғары дайындықпен келу үшін аянбай еңбек етіп, үнемі тоғызқұмалақ ойынын ойнап жүруге шақырамын.
Ойын – баланың барлық қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне көмектеседі. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Ал кей балалар ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей балалар ішкі сезімін білдіреді. Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік   ойын, логикалық ойлау өнері.
Мұрат АЙЖАРЫҚОВ,
№85 орта мектептің мұғалімі,  тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі
23 қаңтар 2022 ж. 835 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031