» » Ұлттық ойынды ұлықтаған ұстаз

Ұлттық ойынды ұлықтаған ұстаз

Тоғызқұмалақ – бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады. Осыны аңғар­ған еуропалықтар соңғы жыл­дары қатты қызығушылық танытуда. Ойлау жүйесін дамытуға арналған бұл ойынның ел арасында одан әрі өрістеуіне сеп болып жүрген жанның бірі – төретамдық Мұрат Айжарықов.
Ол – Арал ауданының тумасы. Сондағы №62 мектепте, кейіннен отбасылық жағдайға байланысты Төретам кентіне қоныс аударып, 7 сыныптан бастап №85 мектепте білім алады. Мұнан соң Ақтөбе қаласындағы А.Жұбанов атындағы көпсалалы колледжде «дене шынықтыру пән мұғалімі» мамандығын меңгерген. Алғашқы еңбек жолы 2008 жылы өзі түлеп ұшқан №85 мектепте ұстаздық етуден басталады. Оқушыларға білім бере жүріп, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университетте «дене шынықтыру және спорт» мамандығы  бойынша білімін жетілдіреді. Ал тоғызқұмалақты 2009 жылы үйірме ретінде оқушыларға үйрете бастайды. Шәкіртінің де, ұстазының да ұлттық өнерден бұл уақытқа дейінгі жетістігі мол. Қазақы ойынды қайта жаңғыртып жүрген ұстазбен тілдесіп, ұлттық ойынның жайын ұғындық.
– Тоғызқұмалақ ойлау жүйесін арттыруға арналған, есепке жүйрік болуы үйрететін бірден-бір ойын. Осыдан шамамен 10 жыл бұрын тоғызқұмалақты жастардың басым көпшілігі біле қоймайтын, ал қазір мұның халық тоғызқұмалаққа оң көзқараспен қарайды. «Ұлттық ойын» деп баса мән беруде. Қазіргі кездегі тоғызқұмалақтың әлемдік деңгейдегі дамуы қарқынды. Бұл істе ҚР тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті, дүниежүзілік тоғызқұмалақ қауымдастығының президенті Әлихан Байменовтың атқарып жатқан еңбегі зор.  Биылдан бастап зияткерлік мектептерге тоғызқұмалақ пән ретінде жол ашуда. Бұл қуантарлық жайт. Жыл сайын федерацияның бекіткен ережесіне сай жарыстар өтіп тұрады. Соның ішінде жасөспірімдер арасындағы сайыс түрлеріне басымдық беріледі. Өйткені бұл жастағы балаларда тоғызқұмалаққа қызығушылық басым. Осы уақытқа дейін тоғызқұмалақтан 5 рет әлем чемпионаты, 4 рет Азия чемпионаты өтті. Кейбір жарыстарда мектепке дейінгі балалар да келіп қатысады. Олар санау білмесе де, жүрісін, ережесін біледі. Бастысы қызығушылығы бар, – дейді Мұрат Советұлы.
Тоғызқұмалақ ойынының адамға сабырлылықты, қайсар­лықты, тәуекелшілдікті, шыдам­ды­лықты, әрқашан да дұрыс шешім қабылдауды, сондай-ақ алға мақсат қоя білуді және сол мақ­­сатқа жетуді үйрететінін білген ата-аналар да қазір бұл үйірмеге балаларын қатыстыруға асығады. Ұстаздың айтуынша, жыл өткен сайын үйірмеге қатысушылардың қатары артуда. Бүгінде №85 мектептегі тоғызқұмалақ үйірмесінде 60-тан астам балалар тәлім алады. Олар түрлі додаға қатысып, бақтарын сынайды. Жыл сайынғы ауандық мектеп оқушылары арасындағы спартакиадан жүлдесіз оралмайтын үйірме шәкірттері, облыс пен республика көлеміндегі сайыстарға да қатысады. Мәселен, Қонысбек Серікбаев есімді шәкірті тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы облыстық чемпионатта  ІІ орын, Марал Баба Құрманұлы жүлдесіне арналған облыстық турнирде ІІІ орынды иеленсе,  2017, 2018 жылдары мектеп оқушылары арасында өткізілген аудандық Ұлттық  ойындар спартакиадасында командалық 1 орынды жеңіп алған. 2018 жылы мектеп оқушылары арасында өткізілген облыстық турнирде жекелей түрде Самат Қалиев І орынды, 2020 жылы мектеп оқушылары арасында өткізлген облыстық Мектеп лигасы спартакиадасында 5-6 сыныптан құралған топ І орын иеленді. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасында өткізілген облыстық чемпионатта 9 жасқа дейінгі оқушылар арасында Інжу Советова, 11 жасқа дейінгі оқушылар арасында Ғибрат Әбжами, 13 жасқа дейінгі оқушылар арасында Айбек Айзақовтар жүлделі ІІІ орынды қанжығасына байлаған. Ал биыл, Семей қаласында өткен додада Інжу Советова және Ғибрат Әбжәми республикалық чемпионатқа жолдама алып, үздік ондықтан көрінді.
Бұл ұстаз дайындаған шәкірттер жеңісінің бір парасы ғана. Мектептегі ұстаздық қызметімен қатар, ұлттық өнерді ұлықтаған мұғалімнің өзі де біршама биікті бағындырған. 2015 жылы Н.Ергешбаевты еске алуға арналған халықаралық турнирде "Үздік ойыншы" номинациясы, 2014, 2018 жылдары  ересектер арасында өтілген облыстық чемпионатта "Үздік ойыншы" номинациясы, 2018 жылы мұғалімдер арасында өткізілген облыстық турнирде ІІ орын иеленіп, мектеп, аудан мерейін асырған. Мұнан бөлек ұстаздық қызметін адал атқарғаны үшін, аудандық, облыстық білім бөлімі мен  кәсіподақ комитеттерінің алғыс хаттарымен, облыстық спорт басқармасының құрмет грамотасымен,  ҚР Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясының президенті Әлихан Байменовтің құттықтау хатымен марапатталған. Бұл – төгілген тер мен тынымсыз еңбектің нәтижесі. Еткен еңбектің елеусіз қалмайтынын осыдан-ақ аңғаруға болады.
– Өзім он жылдан бері ұстаздық етсем де, өмірге, білімге деген қызығушылығымды арттырған ардақты ұстазым Зағираш Бержанова әліге дейін үлгі тұтатым. Ұстаздың ұлылығын үлгі етіп, осы саланы таңдауыма сеп болғаны үшін алғысым шексіз. Ал тоғызқұмалаққа тоқталсам, бір үлкен додада ҚР Тоғызқұмалақ Спорты Федерациясының президенті Әлихан Байменов «Мен қай жерде болмасын айтып жүрмін. Тоғызқұмалақ турнирлерінде жеңімпаздар болады, бірақ жеңілгендер болмайды. Өйткені, біздің мәдениетіміз бен әдебиетіміз көкке көтеріліп, ұлттық мәртебесі асқақтайды. Міне, бұл – біздің ортақ жеңісіміз» деген еді. Менің де бұл сөзге алып-қосарым жоқ, – дейді тоғызқұмалақшы ұстаз.
Білікті ұстаздың бүгінгі арманы – тоғызқұмалақтың ел ішіндегі насихаты кеңейіп, әр қазақ баласы ұлттық құндылықтарды қадірлеп, ел дамуына үлес қосса.
Ардақ СӘКЕНҚЫЗЫ
18 қыркүйек 2021 ж. 557 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 037

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031