» » Ұстазға тағзым

Ұстазға тағзым

      Ұстаздық – мамандық атаулының ұлысы. Бұл мәртебелі есімге кез келген мұғалім ие бола бермейді. «Жақсы адам ғана ұстаз бола алады» деген ғибратты сөз бар.  Ал «Жақсы адам – Алланың нұры» десек,  ұстаздық пен игі қасиеттерді бойына тоғыта білген жан педагог деген биік лауазымға ие болады.
      «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен артық, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» дейді ағартушы-педагог  Ыбырай Алтынсарин.
   Бүгінгі әңгіме де сондай жақсы мұғалім жайында болмақ.
   Ауданымызға белгілі білім ошақтары баршылық. Солардың арасында іргетасы сонау ХІХ ғасырдың аяғында қаланған, ғасырдан астам тарихы бар байырға білім ордасы Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің шоқтығы биік. Тарихы тереңінен бастау алған білім ордасында майталман ұстаздар  қызмет жасады.
     Химия, биология пәнінің негізін қалаған ұлағатты ұстаздар Гүлбарам Қанқожаева, Мақсұм Смағұлов, Тұрсынкүл Құлымова, Раушан Байназарова болса, солардың қатарында Шәркүл Әбдрахманова туралы кеңінен айтып өтпекпін.
      Шәркүл Әбдрахманованың балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспас тұс келуі – оның  өмір атты күресте шыңдалуына себепкер болады.      Ауыр жылдар болашақ ұстазды тез ширатып  шынықтырды. Замандастары мен құрдастарының айтуынша, өмірде шынайы сөйлеп, шынайы күле білетін, бітім болмысы бөлек, бір сөзді,  жан-жағын күлкіге бөлеп жүретін жан болыпты  ұлағатты   ұстазымыз. 90 жасында бақилық болған Шәркүл апай жайлы замандасы, ардагер ұстаз Зибаш Қамбарова былай тебіренеді: «Шәркүл апай менің ұстазым еді. Бірге жұмыс істедік. Ол нағыз ұстаз,  шынайы педагог болатын. Баланы оқытумен қатар еңбекке тәрбиелеуге баса мән беретін. Оқушыны шексіз сүйетін ұстаз бала жүрегінен орын алуды  басты мақсат етіп қоятын. Әрбір сабағы көңілді күлкіге толы болатын.  Химия пәні  қаншалықты қиын болса, оны жеңіл жолмен оқушыларды көңілдендіре отырып өтетін» деп еске алады. 
       Өз пәнін шексіз сүйетін ұстаз барлық саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған. Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанып, мектеп абыройын асқақтатқан.
Міне, осындай тынымсыз еңбек пен балаға деген сүйіспеншіліктің арқасында Шәркүл Әбдрахманова КСРО-ның жоғары наградасы «Құрмет белгісі» орденін, кейін Қазақ ССР «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» медалін кеудесіне тақты. 2001 жылы «Ғасыр ұстазы» атағын  иеленді. Ұстаз атты ұлылыққа мұнан артық мәртебе жоқ -ау, сірә.
      Бұдан бөлек, кеудесі орден мен медальға толы ұстаздың бағасын халық берді. Шәкірттерінің қимас та аяулы ұстазына айналған. Бүгінде олардың жүрегінде сағынышқа толы тұлға болып қалды.
        
 Гулзия ДУЙСЕМБАЕВА,
  білім   бөлімі  басшысының міндетін   уақытша атқарушы
10 қаңтар 2022 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031