» » Медальдар табысталды

Медальдар табысталды


Отбасында берілген тәрбиенің өмір белесінде алар орны көп. Жанұядан алған тәлімді тәрбиенің арқасында тәртіп сақшылары ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтап, жауапкершілігі мол салада биік белестерді бағындыруда. Ұлағатты ұрпақ өсіріп, перзенттеріне сапалы білім, саналы тәрбие берген біршама ата-ана жыл қорытындыланар тұста «Офицердің әкесі»,  «Офицердің анасы» медалдарымен марапатталды.
Салтанатты жиын аудандық полиция бөлімінде ұйымдастырылды. Марапаттау рәсімінде үлгілі құқық қорғаушылардың ата-аналарына аудандық полиция бөлімінің басшылығы тарапынан алғыс айтылды. Сондай-ақ, олардың әкесіне «Офицердің әкесі», аналарына «Офицердің анасы» медалін бөлім бастығы, полиция полковнигі Бақытбек  Жарқынбаев табыстады.
– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен және де алда келе жатқан Жаңа 2022 жылмен құттықтаймын. Осы мерекемен тұспа-тұс келген осы марапаттарыңыз құтты болсын. Осындай білікті де, білімді офицер ұл мен қыз тәрбиелеп, өсіргендеріңіз үшін Сіздерге мыңда бір алғыс. Осы орайда, Сіздерге ұзақ өмір, мықты денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілеймін, – деді бөлім бастығы Бақытбек Жарқынбаев.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – офицер мәртебесін көтеру және лайықты ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-аналарға алғыс білдіру. Айта кеткен жөн, мұндай марапат перзенттері полиция қатарында лайықты қызмет атқаратын ата-аналарға беріледі. Әкелерге арналған медальда офицер мен әкесінің суреті және «Офицердің әкесі» деген жазу бейнеленсе, анаға арналған медальда анасына гүл сыйлап тұрған офицер және «Офицердің анасы» деген жазу бейнеленген.
Өз кезегінде перзенттерінің үлгілі қызметі үшін марапат биігінен көрінген ата-аналар полиция бөілімінің басшылығына алғысын білдіріп, өз ризашылықтарын жеткізді. Қоғамға пайдалы ұрпақ тәрбиелеп, ол үшін марапат төрінен көріну –  ата-ана үшін шын бақыт екені анық. Оны марапат биігіндегі әрбір жанның жүзінен айқын аңғаруға болады.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
14 қаңтар 2022 ж. 396 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031