» » Тарихтың тамырына нәр берген

Тарихтың тамырына нәр берген



ҚАЗАҚТЫҢ МАҢДАЙЫНЫҢ БАҒЫ БОЛАР, ҚАЙ КЕЗЕҢДЕ БОЛМАСЫН, ЕЛІНІҢ НАМЫСЫ ҮШІН ЖАНЫН ПИДА ЕТЕР ТҰЛҒА ТУЫЛЫП ОТЫРДЫ. ЕШКІМГЕ СОҚТЫҒЫСПАЙ ЖАЙ ЖАТҚАН ЕЛ БОЛҒАНЫМЕН, САБЫРЛЫ ЕЛДІ САРСАҢҒА САЛУ МАҚСАТЫ БОЛДЫ МА, БЕЛГІСІЗ, ЖАН ЖАҚТАН КӨЗ ТІККЕН ЖАУЛАР АЗ БОЛМАДЫ. БІРАҚ АТ ҮСТІНДЕ ЖҮРІП МАЛ БАҒУҒА ИКЕМДІ ХАЛЫҚ, ЕЛ НАМЫСЫ ҮШІН АР БАҒУДАН ДА АЛДЫНА ЖАН САЛМАДЫ. ОЛ ТАРИХТЫҢ БЕТТЕРІНЕ ҮҢІЛСЕҢ АЛДЫҢНАН ШЫҒАР АҚИҚАТ. ОСЫНДАЙ ЖҮРЕКТІЛЕРДІ ТУДЫРҒАН, БАТЫРЛЫҚ ТҰНҒАН ҚАЗАҚТЫҢ АЗАТТЫҚҚА ЖЕТУІ ДЕ ОҢАЙ БОЛМАДЫ.
Алматы алаңы қанға боялды. Кеше ғана жастық жалынымен көшесін кезген жеткіншектерін аяғаны болар, қаланың өзі күңіренгендей үн қосты. Арпалыста өзге елдің саясатынан жаны мен тәні қатар шырқыраған қазақ жастары, тірідей өлінің қатарына қосылып жатты. Бірақ бірлікпен, бітіспей қайырылмайтын қайсарлықтың арқа­сында, армандарына қол жеткізді. Қазақты өз арасынан шыққан адам басқаруға шешім қабылданды. Бірақ, өрімдей жас буынның талайы жер жастанып, енді бірі темір торға да тоғытылып жатты. Бұл жастар ісі сол кезеңде бұзақылық деп бағаланса да, қазақтың азаттығы арқылы жеңіске жеткізген ұлы қадам ретінде тарихта қалды. Міне сол жастардың қанымен келген, азабымен, арымен келген, пида болған жанымен келген тәуелсіздікке биыл – 30 жыл.
Тәуелсіздік – қазаққа ел болып басы құралған шақтан бастап арман болған асыл ұғым еді. Енді сол аталар арманындағы заманда бүгінгі ұрпақтары ғұмыр кешіп отыр. Мұғалім ретіндегі арманымның бірі: Қайраттай есіл ердің ізімен кеткен боздақтардан бөлек, алаңда болып, халқы үшін қайғы жеген батырлардың кейбірі арамызда жүр. Сол кісілердің құрметі ерекшеленіп, айбыны асқақтаса деймін. Қыстың айы желтоқсан қарының ызғары емес, саясаттың сергелдеңі жандарын қарып, сырқыратқан сол жастар тобының бірлі-жарымы ортамызда. Олар кезінде оқуынан алыстатылып, жұмысқа тұруы мұң болған, өз елінің азаттығы үшін күресіп, бірақ еркін өмір сүруі жыр болған бауырларымыз. Енді сол жандардың еңбегі еленетін кезге жеттік. Әр қазақ сол күнді ұмытпай және бастысы қаһардан сескенбеген жандарды ұлықтай алуымыз керек. Мен физика пәнінің мұғалімі бола отырып, тартылыс заңын ғана емес, қазақтың ұлттық болмысының әділеттілік жолындағы қайтымсыз заңын да тереңнен толғағым келеді. Себебі, алдыма білім алуға келген оқушы, ертеңгі елдің болашағын құрушы. Ұлттық болмыстың, құндылық пен тектіліктің шартын түсінген бала ғана, басқа ғылымның заңын қабылдай алады деп ойлаймын. Сол себепті, өткен тарихтың өзекті істерінің тағылымына көз жүгіртіп, саралап қарай алу бізге міндет, тәуелсіздіктің әрбір тарихын зерделей алу – ол үшін күрескен қаһармандарға құрмет деп білемін.

Перизат ҚҰДАЙБЕРГЕНҚЫЗЫ,
№269 орта мектеп мұғалімі
21 желтоқсан 2021 ж. 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031