» » Ел еңсерген егемендік

Ел еңсерген егемендік


ТӘУЕЛСІЗДІК. АЗАТТЫҚ. ЕГЕМЕНДІК. ОСЫ ҮШ СӨЗ, ЖӘЙ ҒАНА СӨЗ ЕМЕС, ҚАСТЕРЛІ СӨЗ ЭКОНОМИКА МЕН САЯСАТТА, АДАМДАРДЫҢ ӨМІРІНЕ ӨЗГЕРІС, ЖАҚСЫЛЫҚ, ТАБЫС ПЕН ЖЕТІСТІК ӘКЕЛДІ. БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН СЕНІМ МЕН ҮМІТТІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ, БҮГІНДЕ ЕЛДІҢ КЕРЕГЕСІ КЕҢ, ТЕРЕЗЕСІ ТЕҢ.
Қазақстан тарихы мақтана алмайтын қанды оқиғаға толы. Әр жерде тоз-тоз болған ұлтын біріктіріп, Қазақ хандығын құрған Керей мен Жәнібектің келешекке аманаттап кеткен игі ісін ұрпақтар жалғастырды. Зұлмат жылдары қазақ ұлтын жер бетінен жойып жіберуге күш салған жоңғар мен қалмақтың, Хиуа хандығының тегеурініне төтеп бердік. Патшалық Ресей мен қанқұйлы КСРО-ның уысынан шығу үшін 300 жылда талай мәрте бұлқындық. Айқастық. Егемендікті алдық. Оңай келмеді ол. Желтоқсанның қылышынан қаһар төгілген сәтте қазақ жастары ыдырамастай көрінген, тұғыры биік көрінген коммунистік идеологияның іргесін сөкті.
Тәуелсіздік жылдары. Осындай тарих үшін сындарлы кезеңде егемен еліміз еңсесін тіктеп, туын көкте желбіретті. Татулық пен бірліктің ар­қасында көптеген игі істерге мұрындық бола білді. Жаңарды, жасарды. Оның қатарында 90 жылдан аса тарихы бар Қармақшы ауданының Тәуелсіздік жылдарында қосқан үлесі аз емес.
Тәуелсіздік жылдарының ішінде аудан халқының саны 10 процентке артып, 4,7 мың адамға көбейген. 30 жыл ішінде аудан бойынша жалпы 67 әлеуметтік нысан, Байқоңыр қаласында 50 пәтерлік 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Пандемияға қарамастан ауданда әлеуметтік-экономика­лық жа­­ғы­­нан дамыту бағытында оң динамика байқалады. Мәселен, биыл өнеркәсіп саласының кәсіпорындары 2 млрд 577 млн теңгенің өнімін өндірді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 1 млрд 952 млн теңгенің өнімі шығарылды. Ауылшаруашылығы саласы – аудан экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуда әртараптандыру жұмыстары қарқынды түрде жүр­гізілуде. Осы жылы жалпы егіс көлемі 24747 гектар құрап, өткен жылмен салыстырғанда 1835 гектар артты.
Жаз-қыс мезгілінде балалар демалыс лагерінің құрылысын аяқтау мақсатында облыстық бюджеттен 783,3 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. «Рәміздер алаңы» салынды. Қуаңдария ауылдық округінде 100 орындық ауылдық клуб үйінің құрылысы бас­талды. Жосалы кентінде көпқабатты тұрғын үйлер ауласынан 5 балалар ойын алаңын орналастыру жұмыстары жүргізілді. Көшелер жөнделді. Көптің көкейінде жүрген түйткілді мәселенің тіні тарқап, аудан «көгілдір отынға» қосылды.
Биыл мәдениет саласы бірқатар жетіс­тіктерге қол жеткізді. Мәселен, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Бастау» би тобы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Алаш Star» онлайн өнер фестиваліне қатысып, бас жүлдені иемденді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай түрлі концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, іс-шаралардың легі жыл бойы үздіксіз өтті. Жыл көлемінде аудан спортшылары спорт түрлерінен жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында бірнеше мәрте алтын, күміс, қола медальдарды қанжығаға байлады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беріп, шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Қармақшы ауданының 2024 жылға дейінгі Даму жоспары» бекітілді. Жоспарда жалпы 62 жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде басымдық алып отырған ірі жобаның бірі – Ақтөбе ауылындағы «Қармақшы құс» ЖШС құс фабрикасын іске қосу.
Аудан жастары қайырымдылықтан да кенде қалмады. «Демеу» еріктілері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «30 игі іс» акциясын ұйымдастырды. Олар аудандағы көпбалалы аналардың қолдауымен Абай көшесіне жөндеу жасаған жұмысшыларға және жалғызбасты әжелерге ыстық тамақ пен ыстық шай, тәттілер таратты. Құран бағышталды. Ал аудандағы кітапханашылардың ұйымдастыруымен 30 жылдыққа 30 кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Арнайы сөреде түрлі жанрдағы толғаулар мен аудармалар орналас­тырылған. Аудандық кітапха­на­ның тұрақты оқырманы Толғанай Бек­болатқызы сол сөредегі 13 кітапты оқып, аяқтапты. Сонымен қатар, Нұрбол Мырзабаев, Дас­тан Нәзікбаев, Қожантай Күзенбаев, Ақжар ауылдық кітапханасының оқырманы Сахи Сәдуақасов пен ІІІ Интернационал ауылдық кітапханасының тұрақты оқырманы, зейнеткер Гүлбарам Тоғаевалар осы кітап сөресіндегі кітаптарды оқып шыққан. Мұнан бөлек кітапхананың Тәуелсіздікке орай ұйымдастырған іс-шаралар легі бірінен-соң бірі әлі де жалғасуда.
Челлендж, құттықтаулар толассыз жүргізіліп келеді. Өнер, мәдениет, денсаулық, білім салалары іс-шараларын әлеуметтік желі арқылы таратты. Әлі де жалғасын табуда. Айтылмағаны қаншама. Осындай атқарылған істе аудан халқының ауызбірлігі мен ынтымағы жатыр.
Энциклопедист Джеймс Мина­ханның дәлеліне сүйенсек, әлемде 300-ден аса ұлт мемлекет болуға қауқарлы. Бірақ жері жоқ. Ал бізде асты қазба байлыққа, беті жазба байлыққа толы ұлан-ғайыр жер жатыр. Бастысы – егемендік бар. Бізге керегі осы егемендіктің қадірін біліп, қасиетін ұғыну. Себебі тәуелсіздік – ұлы күн. Тұғырымыз биіктесін, туған ел!
Айнұр ӘЛИ
16 желтоқсан 2021 ж. 319 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031