» » Ел тірегі – Елбасы

Ел тірегі – Елбасы



ҚАЗАҚСТАН БҮГІНДЕ БІРҚАТАР ЕЛ МОЙЫНДАҒАН, ТӘУЕЛСІЗ ДЕ ТҰҒЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ. МӘДЕНИЕТІ, ӨНЕРІ, ЭКОНОМИКАСЫ, БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ ДЕҢГЕЙІ ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛДЫ ДЕП МАҚТАНЫШПЕН АЙТА АЛАМЫЗ. ОСЫНДАЙ ЕЛДІҢ ІРГЕСІН ҚАЛАП, ШЕКАРАСЫН БЕЛГІЛЕП, БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ-БАҒДАР БЕРУДЕ ЕЛБАСЫНЫҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДАҒЫ ЕҢБЕГІ ҰШАН-ТЕҢІЗ.
Тұтас ел, 19 миллион халық. Бәрінің басын біріктіріп, татулықтың, бейбітшіліктің туын мығым еткен Елбасыға қалайша бас имейсіз? Дамыдық, цифрландық, түрлі нысандар бой көтерді. Бүгінде егемен елміз. Бой тіктеп, егемендіктің жалауын желбіретіп жүрген жайымыз бар. Қай кезде де айтарымыз, ең бас­тысы, егеменбіз ғой. Расында солай. Алда дамыған елдердің, айтулы отыздықтың қатарына кірмекпіз. Талайды мойындаттық, әлі де мойындата түспекшіміз.
Тарихқа үңілсек, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпы­халықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев егемен еліміздің алғашқы президенті болып сайланды. Бұл – Қазақстан халқының сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған жа­уапты күні еді. Мұнан кейін Елбасының салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз бен дініміз ортамызға қайта оралды. Еліміз бүгінде бүкіл әлемге танымал. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуел­сіздігі туралы» ҚР заңы 1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданып, қазақ елі өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Аталған заңның алғашқы тарауында «Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол барлық мемлекеттермен өзара қатынасын халықаралық құқық принциптері бойынша құрады. Өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін басқа мемлекеттердің тануы үшін Қазақстан Республикасы ашық» делінген. Бұл заңды қабылдау мемлекетіміздің шынайы егемендігінің бастауы болды. Еліміздің тәуелсіз ел болғанына отыз жылға жуықтады. Осынау уақытта елдің іргесі берік қаланып, болашаққа нық қадамдар жасалынуда. Тұңғыш Президент өзінің ұтқыр ойлары мен ел бірлігін қалыптастыра отырып қазақ елінің туын көкке көтеріп, әлем танымастай етіп өзгертті. Сан сұрақ пен сауалы көп қиын-қыстау кезеңнен алып шыға білді. Күнтізбелік мерекелер бойынша 2012 жылдан бері 1 желтоқсанды «Тұңғыш Президент күні» ретінде тойлап келеміз. Себебі ең алғашқы Президентті сайлау осы күн болатын. Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңыңда бір топ депутаттар осындай бастама көтерді. Сол себепті «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға тиісті қосымша енгізіліп, 1 желтоқсан ресми негізде «Тұңғыш Президент күні» болып белгіленді. Бұл мерекенің тарихи маңызы зор. Неге дерсіз?
Мереке барысында жас ұрпақ Елбасы өмірімен танысады. Оның өміріне қызығушылық таныту арқылы, ел тарихын біліп, мемлекет қалай құрылғаны туралы ақпарат алады. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ел болып қалыптасу жолында қандай тұлғаның аянбай еңбек еткенін жадында сақтайды. Бұл да болса болашақ ұрпақ санасына ұлтжандылықты, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруда келелі іс. Бұл мереке ұлт көшбасшысына арналған зор құрмет. Ұлтын қадір тұтып, биікке көтерген асыл тұлғасын ардақтаған елдің мерейі әрдайым үстем болмақ.
Айнұр ӘЛИ
01 желтоқсан 2021 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031