» » Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Бүгін қазақтың ұлы мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні. Бүгін азат қазақ елінің ең қастерлі де киелі құндылығы – ел Тәуелсіздігіне 28 жыл толды. Бүгін - Тәуелсіздік күні! Осыдан тура 28 жыл бұрын Қазақстан оңаша отау тігіп, егемен ел атанды. Дәл осы күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы құжатқа қол қойды. Бұдан кейін әлем картасында Қазақстан атты жаңа тұрпатты жасампаз мемлекет пайда болды. 28 жыл - тарих үшін соншалықты зор кезең болмағанымен, осы жылдар ішінде ғасырларға бергісіз қыруар істер атқарылды. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде, оның ішінде жаһандық өңірлік проблемаларға қатысты өз алдына дербес шешім қабылдай алатын, өз ұстанымын паш ете алатын егемен мемлекет бола алатынымызды барлық қырынан айқындап, мойындаттық. Халықаралық бастамалармен бірге, әлемдік деңгейдегі іс шараларды, дүниелік, адамзаттық маңызды форумдарды да жоғары деңгейде ұйымдастыратын жұрт екенімізді таныттық. Ал, түптеп келгенде, бұның барлығы дербестіктің, Тәуелсіздігіміздің арқасы. Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық аренада өзін мойындатқан әрі әлемдік экономикалық жүйелер арасында лайықты орнын иеленген елге айналды деп сенімді түрде айта аламыз.
qarmaqshy-tany.kz  ұжымы да барша қазақстандықтарды тәуелсіздік күнімен құттықтайды! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз ғұмырлы болсын! Ел іргесі аман болсын, тыныш заман болсын!

16 желтоқсан 2019 ж. 1 635 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10391)

01 сәуір 2025 ж.

№22 (10390)

29 наурыз 2025 ж.

№21 (10389)

23 наурыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 565
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930