» » Қар түскенде – көмекке

Қар түскенде – көмекке


АПТА БАСЫНДА ТҮСКЕН ҚАР БІРАЗ ЖАНДЫ ӘБІГЕРГЕ САЛҒАНЫ РАС. АҚ ҰЛПА ЖАУҒАНДА БАЛАША ҚУАНЫП, АРТЫНАН ЫЗҒАРЫ СОҒЫП, ТАЙҒАҚ ҚЫЛҒАНДА ТІПТІ ҚИЫНДЫҚҚА ТАП БОЛЫП ЖАТАМЫЗ. АЛ ТҮН БОЙЫ ОСЫНДАЙ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛЫП, БІРНЕШЕ ИГІЛІКТІҢ БАСЫН ҚАЙЫРҒАН ІСТІҢ КУӘСІ БОЛҒАНДА ҚУАНЫП ҚАЛҒАН ЖАЙЫМЫЗ БАР.
Қазір әлеуметтік желінің дәурені жүріп тұрған шақ. Кім не істеді, не қойды, барлығын осы жерден көріп, таразыға салатынымыз бар. Көптің көңілін бірыңғайлаған бірнеше жақсы істі газет бетінде бөліскіміз келді.
Түс қайта басталған қардың ауаны қаттылығын аңғарған №121 мектептің оқушылары кешқұрымда ардагерлер аллеясының қарын күреді. «Босқа сандалып, телефон қарағанша, азанда келіп осы жерді тазалайтын апайды қуантайық деп шештік» дейді олар. Асылында сынып жетекшілері Айжан Өміртаева екенін де құлаққағыс етті. Ал сол маңда осы іске куә болған білім саласының ардагері Балтабек Шүлтіков оқушылардың мұндай бастамада бой көрсеткеніне алғысын айтып, арқасынан қаққаны бар. Жасөспірімдердің осындай қайырлы істің басында жүріп, үлкенге қуаныш сыйлағанына разы болған көпшілік те батасын беріп жатты.
Ал сол түні сағат 2.00 шамасында М-32 Шымкент-Самара тас жолында оқыс оқиға орын алады. Елшібай бекетінің тұсында ауа райының қо­лай­сыздығынан, яғни жолдың тай­ғақ болуы салдарынан Тәжікстан Рес­публикасының азаматы Абдусаттор Абдукаримов өз басқаруындағы «Мерседес-Бенц» маркалы жүк ав­токөлігімен жолдан шығып, өздігінен аударылады. Сол уақытта аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кө­мекке келеді. Мұндай сәтте өз қызметін адал атқарған полиция қыз­меткерлеріне оқыс оқиғаға тап болған азамат алғысын білдірді.
Сонымен қатар Жосалы кенті әкімшілігі түстен кейінгі толассыз жауған қардан кейін жол қауіпсіздігі мен адам өмірі қауіпсіздігі үшін шұғыл шаралар қабылдады. Солай кент көшелерін арнайы техникамен қардан тазартуды алдын ала бастап кетті.
– Қар – халықтың ырысы. Қардың мол түскеніне қуану керек. Өйткені қар көп түссе, жазда қуаңшылық болмайды. Ал оны күреудің өзі адамға күш-жігер, талпыныс береді. Денең шынығады. Сондықтан қар түскенде көмекке жетіп, қар тазалау жұмысына жұмыла атсалысқанымыз жөн дүние, – дейді желі қолданушылары.

Айнұр ӘЛИ
11 желтоқсан 2021 ж. 455 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930