» » Мектеп жанындағы жылыжай

Мектеп жанындағы жылыжай

Екі өкпеден қысқан пандемияның салдарынан ұстаз оқушыдан, оқушы ұстаздан алшақтап, тек онлайн жүздескен еді. Құбылмалы оқу жүйесі көптің жүйкесіне де тигені рас. Кей білім ордасы қайта ашылды. Оқушылар қайта қауышты. Қауышқанда да оқуға деген құлшынысты қайта арттыратын жаңа жоба қолға алыныпты. Ол – ­Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейдегі жылыжай еді.
Бұл қарашаңырақ жылдар бойы білім саласында есе жіберіп көрген емес. Ұстаздары үнемі ізденіс үстінде, үздіксіз біліктіліктерін арттырып, заманауи әдістемені өз ісінде жүзеге асырып жүр. Соның нәтижесінде түлектері де, оқушылары да үнемі аудандық, облыстық, республикалық деңгейде түрлі байқаудан жүлделі орын иеленіп келеді. Балаларға білім берумен ғана шектелмей, өз ұжымын жұдырықтай жұмылдырып, жан-жақты тың идеяларды жүзеге асырып жүрген мектеп директоры – Гүлжаһан Мұнарбаева. Онымен тілдескенімізде, бастамаларының құптарлық екенін ұғындық. Көзбен көріп, көп істің куәсі болдық. Мектеп ауласы баққа айналған. Түрлі гүл қанат жайған. Көздің жауын алады, таңданып қалыппыз. Ішіміздегі тұншығып тұрған сансыз сұрақты бірден ұққан биология пәнінің мұғалімі Айвелюк Шигенова жауабын өзі тарқата бастады.
– Қазір Т.Көмекбаев атындағы №250 мек­­теп-лицей жанындағы жылыжай жұмысының тірлігі қарқынды. Мектеп оқушылары денсаулық және табиғат бағытында биология пәнінен үйірмеге қатысады. Сол арқылы оқушылармыз мектеп ауласын көгалдандыру жұмысына атсалысып жүр. Оның ішінде 8 сынып оқушылары Мадина Бертаева мен Назым Шамшатова белсене қатысып, биология пәніне деген қызығушылығын арттырып келеді. Әрі осы пәннен ғылыми жоба қорғау үшін зерттеулер жүргізуде, – дейді ұстаз.
Гүл өсіру – ұқыптылықты талап етеді. Оның бабын жасау да үлкен сабырлықты қалайды. Ал мектеп оқушыларының айтуынша, алдымен мектеп ауласы көркейсе, одан соң пәнге деген сүйіспеншілік артады.
– Мақсат – жылыжай арқылы мектеп жанын көгалдандыру. Биыл 20 ақпаннан бастап мектеп жанындағы жылыжайда тұқымнан гүл отырғызуды бастадық. Былтыр өскен Шырайгүл тұқымын жинап алып, жылыжайға отырғыздық. Оны топырақтың бетіне орналастырып, жиі су сеуіп отырдық. Көктем басталғалы бұл гүлдерді мектеп жанына орналастырдық. Ал кеш еккендеріміз күтіп-баптауды қажет етеді. Барлығы 80 мыңға жуық отырғызуға жарамды өскін алып, мектеп жанын толықтай көгалдандыра аламыз. Бұған 6, 7, 8, 9 сынып оқушылары белсене атсалысады. Егілген гүлдер күзге дейін тұрып, қазан айында қайтадан тұқымын жинап аламыз. Одан соң ақпанда қайтадан жылыжайға егеміз, – дейді мектеп оқушысы Айдана Ерназарова.
Қалай болғанда да мектеп бастамасы көпке үлгі. Жалпы ауданның көгалдануы жеткілікті көрінгенімен, оны өсіруде біраз қиындыққа тап болатынымыз бар. Бұған біздің климаттық жағдайымыз да әсер ететін шығар. Сондықтан жылыжай ісін қолға алып қана қоймай, оны жолға қою қажет-ақ.
Айнұр ӘЛИ
15 мамыр 2021 ж. 1 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 228

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 333

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930