» » Жан жылуын сыйлады

Жан жылуын сыйлады


ӨМІРДЕ ТҮРЛІ ЖАҒДАЙ БОЛАТЫНЫ АНЫҚ. ӘРБІР АДАМНЫҢ БАСЫНА ТҮРЛІ СЫНАҚ БЕРІЛЕДІ. ОСЫНДАЙ СЫНДЫ ҚАЙЫСПАЙ КӨТЕРІП ЖҮРГЕН ҚОҒАМНЫҢ БІР ТОБЫ – МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАР. Оларға қол ұшын созып, көмек көрсету, көңілді мереке сыйлау өте маңызды әрі қайырымды іс болып саналады. Осы ретте, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай мүмкіндігі шектеулі балалардың көңілін көтеру мақсатында аудандық Т.Салқынбайұлы атындағы өнер мектебінде «Жан жылуы» атты мәдени іс-шара өткізілді. Оған әлеуметтік қызметкерлер, ерекше балалар мен олардың ата-аналары қатысты.
Өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев алғашқы сөзді алып, мәдени іс-шараның мақсатына тоқталып, келушілерге алғысын білдірді. Өнер ұжымы балаларды әсем әнмен, көңілді күймен сусындатты. Ұстаздармен қатар мектеп шәкірттері де сахна төрінен табылды. Іс-шарада балаларға жылы лебіздер мен жақсы тілектер айтылды. Ерекше бүлдіршіндерді тәрбиелеп отырған жандарға да өзіне зор жауапкершілік алғаны үшін құрмет көрсетілді.
Қайырымды іске барын салған өнер ұжымына ата-аналар ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырды. Іс-шара балалардың да көңілінен шығып, жүздеріне күлкі үйірілді. Ең бастысы бұл күн – ерекше балаларға ерекше қуаныш сыйланған күн болды.
«Қт» ақпарат
11 желтоқсан 2021 ж. 519 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

№3 (10371)

14 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 326
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031