» » Тірлік үшін қиындықпен күрескен (фоторепортаж)

Тірлік үшін қиындықпен күрескен (фоторепортаж)

ЖОСАЛЫ, 19 қараша - qarmaqshy-tany.kz Қоғам болғаннан кейін түрлі жағдай болатыны анық. Тағдырдың жазуымен қос жанарынан айырылған жандар аз емес. Көру мүмкіндігі шектеліп, күні өзгеге қараған зағип жандар көп. Т.Салқынбайұлы атындағы әуез мектебінде Халықаралық зағиптар күніне орай «Жүрек жылуы» атты мерекелік кеш өтті.
Оған зағип жандар шақырылып, алдыңғы қатардан орын берілді. Іс-шараны әуез мектебінің директоры Дәулет Байғараев ашып, мекеме тарихы, жұмысы, бүгінгі жиынның мақсаты туралы айтып өтті. Жүргізуші Б.Мәденова зағиптар күні туралы құнды баяндама жасады. Кеш қонақтары «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестіктің төрағасы Шегебай Құндақбаев, ішкі саясат бөлімінің әдіскері Ұлжан Файзанова сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.
Тағдыр тауқыметін арқалаған жанның көңілін көтеру, қоғамдағы орнын сезіндіру мақсатында ұйымдастырылған игі шара әрі қарай әуез мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының концертімен жалғасты. Бұл мектепте үйретілетін түрлі бағыт бойынша өнер көрсетілді. Атап айтар болсақ, талантты оқушылар оркестрде ойнап, хорда ән салып, баянмен көңіл тербетер әуендер тартты. Т.Досымованың «Жыр күмбезі» атты шығармасын орындаған жыр-терме сыныбының оқушысы Елнұры Жанболат көпшілік қошеметіне ие болып, үлкендердің алғысын алды.
Қазақтың қара домбырасынан күмбірлеп күй төгілгенде қонақтар риза болып, ақ тілегін жаудырды. Онан бөлек ұстаздар қауымы да өз өнерін ортаға салды. Жас маманнан құрылған домбырашылар тобы Құрманғазының «Адай» күйін орындаса, фортепиано сыныбының мұғалімі Азат Ысқақ А.Градскийдің «Как молоды мы были» әнін жоғары дәрежеде орындап шықты. Сонымен қатар Д.Байғараев, Ж.Тұрымбетов, Б.Аққалиев, Р.Диханбаев, Б.Серғазиева, Б.Мәденовалар әннен шашу шашты. Қонақтар ұстаздар қауымының өнерін ерекше ықыласпен тыңдап, рухани нәр алып, көңілдері марқайып қалды.
– Бүгін біздің көзіміз жарқ етіп ашылғандай болды. Осындай талантты ұрпақ өсіп келе жатқанына қуаныштымыз. Сахнаға баулып жүрген сіздердің еңбектеріңіз де ерен. Бізді елеп шақырып, құрмет көрсеткендеріңе мың алғыс. Жұмыстарың табысты, дендерің сау, тек жақсылық көріп жүре беріңдер, – деген тілегін жолдады шараға қатысқан қадірлі меймандар.
Ардақ Сүлейменова,
Қазбек Тайбағаров (фото)

19 қараша 2019 ж. 988 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031