» » РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – БІРЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

1992 жыл. Елбасының төрағалығымен Алматыда бірінші Бүкіләлемдік рухани келісім конгресі өтті. Конгреске қатысушылар 18-қазанды Рухани келісім күні – татулық іздеу, қақтығыстар мен жанжалдарға тоқтау салу, жақынға қайырымдылық және көмек күні деп жариялау туралы манифест қабылдады. Міне, 26 жылдан бері қазақстандықтар бұл күнді татуласу жолын іздеу, адамдар арасында түсіністік орнату күні ретінде атап өтуде.
Айтулы датаға орай Ш.Төлепова атын­дағы аудандық мәдениет үйінде «Рухани ке­лісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» ат­ты ғы­лыми-танымдық конференция өтті. Ау­дандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Серік Бақытұлының жүргізуімен өткен жиынға мекеме, кәсіпорын басшылары, білім, әлеуметтік сала мамандары, үкіметтік емес ұйым, саяси партия өкілдері қатысты.
Шара барысында «Рухани келісім – қоғам тұрақтылығының кепілі» тақырыбында ­сая­­­си ғылымдар кандидаты, доцент Ербол Мүбаракұлы, «Қоғамдық татулық пен ұлтаралық келісім – Тәуелсіздік тұғыры» та­қы­рыбында Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы, философия ғылымының докторы Дәулет Кәрібайұлы баян­дама жасады. Сонымен қатар, «Ұлт бірлігі – Қармақшы» этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестіктің төрағасы Шегебай Құндақбаев, аудандық әйелдер кеңесінің төр­а­йымы Күлжауһар Төлегенқызы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ау­дан­дық этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұргүл Нұрлы­бекқызы тақырып бойынша өз ойын ортаға салды.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері бұл мереке адамгершіліктің, толе­ранттылықтың, түсінушіліктің символы ре­тінде және жақыныңа қайырымдылық жасап, көмек көрсету күні болып жыл сайын атап өтуде. Ұлттық жаңғыру дегеніміз – ұлттық санамен тығыз байланысты. Оның түпкі мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтап, ел іш­інде бейбітшілік пен келісім үйлесе отырып, ұлттық береке, бірлік салтанат құрған бәсекеге қабілетті, табысты ел болу, – деді Шегебай Құндақбаев.
Шара соңында айтылған ұсыныс-пікірлер зерделеніп, қоғамдық ұйымдарға конференция ұсынымдары жарияланды.
А.ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».
13 қараша 2018 ж. 2 077 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 053

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031