» » ЖҮРЕКПЕН КӨРЕТІН ЖАНДАР

ЖҮРЕКПЕН КӨРЕТІН ЖАНДАР

Олар тағдырдың маңдайға жазғанынан жанардан айырылды. Бірақ, соған қарамастан өмірдің қиындығына мойымайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен жыл сайын 13 қараша –  Халықаралық зағиптар күні болып аталып келеді.
Бүгінде жер бетінде  орта есеппен 124 миллион көзі көрмейтін адам бар екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша 2020 жылға дейін олардың саны екі есеге артуы мүмкін. Десе де, халықаралық зағиптар күнін әлемнің түкпір-түкпірінде атап өтеді. Айтулы датаға орай біздің де өңір қалыс қалмады. Жуырда Т.Салқынбайұлы атындағы балалар әуез мектебі ұйымдастырған зағиптар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараға  мүмкіндігі шектеулі, бірақ  ерік-жігері шар болаттай шыңдалған, қимыл-қозғалысы қиын болғанымен өмірге деген  құлшынысы, ұмтылысы мықты азаматтар қатысты.
–  Мына  қоғамда «Мүмкіндігі шектеулі жан» деп атайтын адамдар жетерлік, десе де олай атағанымызбен олар мүмкін еместі істей алады. Қажырлы қайратты, қиындыққа қасқайып қарсы тұруды, бәлки сол кісілерден біз үйренуіміз керек шығар, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Серік Әбдісалимов.
Мерекелік кеш әуез мектебінің ұстаздарының әсем әуені мен күмбірлі күйіне ұласты. Жиналған қонақтар дән риза. Әр айтқан әнмен қоса шырқап, күймен қоса шапты. Шара соңында еңбек ардагері Қуандық Бекбаев сөз сөйлеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған өнерпаздарға аталық батасын берді.
Бұл күн  – мереке емес, бұл күн тәубеге келу күні десек артық болмас.  Себебі, арайлап атқан, қызарып батқан күнді көре алатыныңыз үшін сіз бақыттысыз!
Айнұр АЙДАРҚЫЗЫ
20 қараша 2018 ж. 3 085 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (10433)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 335
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930