» » Қытай "қартайып" барады

Қытай "қартайып" барады

Қытай
Қытай ірі бетбұрыстың алдында тұр. "1960 жылдардан басталған демографиялық өзгерістер әсерінен қарт адамдардың саны алдағы 20 жыл ішінде шарықтау шегіне жетпек", – дейді Принстон университетінің әлеуметтанушысы Ю. Се
Сондықтан Қытай үкіметі медицина саласындағы болуы мүмкін артық жүктемеге дайындала бастады. Десек те, осы аға буын өкілдері өздерінен бұрынғыларға қарағанда, анағұрлым білімді және көбірек қозғалады. Сондықтан денсаулық мәселесін өз қолдарына алған. "Олар мемлекеттік медициналық қызмет пен көмекке аса сенім артпайды, – дейді Се, –  себебі дәстүрлі әдістерді таңдайды".
Әдетте ол – көпшілікке жақсы таныс ине қою және шөп дәрілері секілді баламалы медицина.
Қытайлықтар лас қалаларды тастап, салыстырмалы түрде ауасы таза, суы "мың да бір ауруға ем" мекендерге ағылуда. Ұзақ жасаушы тұрғындарымен әйгілі Бама автономиялық округіне жылына ең аз дегенде екі миллион адам келеді. Бірақ қатерлі ісік пен инсультке шалдыққандар табиғи ем алу үшін келіп, күмәнді емдік дәрілерді сатушыларға жиі тап болады.
"Қытай ауылдары экотуризмнің бұл түрін құшақ жая қабылдады", – дейді Стэнфорд экономисті Карен Эгглстон.
Қарт адамдардың ретсіз емделуі қауіпті. "Мұнда бүкіл әлем тұрғындары іздеп жүрген ұзақ жасаудың құпиясын табуға деген талпыныс бар, – дейді ол, – бірақ бұл адамдарды оңай ақша жасаушылардың құрбаны етуде".
Жуандама, балақай
Грекиядан Қытайға дейін адамдар артық салмақтан зардап шегуде. Lancet медицина журналы 2017 жылы 130 миллионға тарта адамның дене салмағы индексін зерттеп, 1970 жылдан бері семіздікке шалдыққан ересектер саны 7 есе өскенін және олардың көпшілігі АҚШ пен Қытайда екенін анықтады. 2016 жылғы зерттеулер олардың осы мерзім аралығында әр он жыл сайын орта есеппен 1,4 кило салмақ қосқанын айтады. Семіз балалар мен жасөспірімдер саны да 1975 жылғы 11 милионнан 2016 жылы 124 миллионға өскен. Ең жоғарғы көрсеткіш – Полинезия мен Микронезияда. Одан кейін Кувейт, АҚШ және Бермуд аралдары тұр. Бұл қарқынмен 2022 жылы әлемде семіз балалар салмақ жетіспеушілерден асып түспек. Кім кінәлі? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының балалар семіздігімен күрес жөніндегі маманы Хуана Уильямсеннің пікірінше, "арзан, сапасыз тағам, ауылдан жаппай көшу, смартфондар – осының бәрі ерте жуандауға ықпал етеді".
04 шілде 2018 ж. 898 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 040

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031