» » Ерекше жандар ел назарында

Ерекше жандар ел назарында


АЙНАЛАНЫ БІР СӘТКЕ БОЛСА ДА КӨРУ – ЗАҒИП ЖАНДАР ҮШІН ҚОЛ ЖЕТПЕС АРМАН. ЖАЗМЫШТЫҢ ЖАЗУЫМЕН ЖАНАРЫНАН АЙЫРЫЛҒАН ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА ЖЫЛ САЙЫН ҚАРАШАДА АТАП ӨТІЛЕДІ. АУДАНДАҒЫ Т.САЛҚЫНБАЙҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІ МЕН ОҚУШЫЛАРЫ БИЫЛ ДА ДӘСТҮРІНЕН ЖАҢЫЛЫСПАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗАҒИПТАР КҮНІНЕ ОРАЙ «ЖҮРЕК ЖЫЛУЫ» АТТЫ КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМА ҰЙЫМДАСТЫРДЫ.
Мерекелік жиынға өнер мектебінің директоры Дәулет Байғараев, Жосалы корпоративтік қорының басшысы Асқар Қолдабеков, «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыткүл Райымбаева, облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің аудандағы сарапшы маманы Ақтолқын Нұрмағанбетова және аудандағы зағип жандар қатысты.
Концерт барысында әуелі қонақтар мереке иелеріне жақсы тілектерін жеткізсе, өнер мектебінің өнерпаздары әртүрлі аспапта өнер көрсетіп, әннен шашу шашты.
Басқосуда кеш қонағы Қуандық Бекбаев ақсақал іс-шараны ұйымдастырған барша жандарға алғысын айтса, қоғаммен әрдайым бірге екенін сезінген зағип жандар өз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл күймен тарқасты.

Ерсін ӘБЛӘКИЕВ
20 қараша 2021 ж. 761 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 200
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 72

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031