» » Мал азығы: қысқа қам қалай?

Мал азығы: қысқа қам қалай?

Төрт түлік малын қаһарлы қыстан аман алып шығу үшін жаздың әрбір күнін тиімді пайдаланған қазекем «Жаздың әр күні қысқа азық» деп бекер айтпаған. Себебі, мал шаруашылығымен күн көретін жандар үшін бұл ең жауапты кезең. Осыған қарап халқымыздың қай кезде де сақтанып отыратынын көрсеткен. Күні бүгінге дейін осы сақтық әр жыл сайын қайталанып отырады. Алда қылышын сүйреткен қыс та келіп қалды. Қыстың қаһарына төтеп беру үшін қапысыз дайындық керек. Ауылшаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын біздің ауданда қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда.

Кәсібінің шырайын енгізіп адал малының амандығын тілеген шаруалар әлден-ақ жем азығына мығым кіріскен. Төрт түлікті шығынсыз шығару үшін шаруалар жем-шөп қорын мейлінше артығымен жинауда. Жалпы мал азығын дайындауда аудан көлемінде қысқа түсетін 47500 бас малдың саны нақтыланса, қора жайда тұратын мүйізді ірі қара, жылқы, уақ малдар үшін 85500 тонна шөп, 17100 тонна жемнің қажеттілігі анықталып, жоспары жасалған. Ауылшаруашылығындағы бар жұмыстың негізгі бөлігі мал азығын дайындау ісі құрайды десек жаңылмаймыз. Атаулы бөлімнің нақты дерегіне сүйенсек, қыстық жем-шөпті дайындау үшін биылғы жылы барлығы 7657 гектар жерге мал азығы дақылдары, соның ішінде 2960 гектар жаңа жоңышқа, 4697 ескі жоңышқа егілген. Осыған сәйкес аудан аумағындағы 6 жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен 20 шаруа қожалығында арнайы шөп дайындайтын 26 бригада, 52 ауылшаруашылық техникасы жабдықталған. Қазіргі таңда мал азығына жеткілікті 23,2 тонна жоңышқа, 42,4 тонна пішен шөбі жиналған. Еліміздің бірқатар өңірінде қуаңшылық жағдай орын алғаны белгілі. Осының салдарынан мал азығының бағасы қымбаттады. Ал аудан аумағында мұндай өрескел қымбаттауға жол бермеу үшін шаруашылықтармен тығыз байланыс та жұмыс жасалынып, жемшөптің бағасы үнемі бақылауда келеді.
– Биыл қуаңшылыққа байланысты жер-жерде мал азығы өнімдерінің бағасы жиі көтеріліп отырды. Осы тұста аудан аумағында мал шаруашылығы өнімдерінің бағасын қымбаттатпау және оны тұрақтандыру мақсатында штаб құрылды. Жем-шөптің бағасын қолжетімді ету үшін аудандағы «Оңталап», «Достық Жер», «Ораз ахун ЛТД», «Ақниет», «Жаңажол» шаруашылығы басшыларымен меморандум жасалынды. Егіс алқабындағы атыздардан қамыс шөбін орып дайындауда ерікті жастар тартылды. Егіс егетін шаруашылықтармен атыз жағалауындағы пішен шөбін қол орақпен оратын аймақтар белгіленіп, шөпті оруға келісім жасалды. Қазіргі таңда аудан тұрғындарының барлығы шөппен қамтылды. Жеке адамдар өздері қам жасап, белгіленген жерден шөп орып, малына азық жинады, – дейді ауылшаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі С.Есқалиева.
Мал азығын дайындау жұмысына еріктілер мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағын жұмылдырудың да өзіндік себебі бар. Елге төнген қуаңшылық Арал аймағын айналып өтпегені баршамызға белгілі. Осыған орай аралдықтарға ауданнан бүгінге дейін 1 553 076 дана жоңышқа шөбі, 523 600 дана пішен пресі және жас еріктілердің ұйымдастыруымен 1500 дана қамыс шөбі тегін жіберілген.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

27 қараша 2021 ж. 624 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 317

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 413

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930