» » Жүкті жұмыла көтеру – бірліктің белгісі

Жүкті жұмыла көтеру – бірліктің белгісі


Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі таңда облыстың барлық өңірі аталған аймақтың мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыруда. Сүрінгенге сүйеу, қиналғанға демеу болар қармақшылықтар мұндай уақытта қол қусырып қарап қалатындар қатарында емес. Бір үзім нанын бөліп берер қайырымды халық өзгеге көмектесуден аянбайды. Бір жылдан бері індетпен күрескен елге қуаңшылық та оңай тиіп жатқан жоқ. Бірақ жұмыла көтерген жүктің қашанда жеңіл болатыны ақиқат.
Қай іске болсын өзі бас болып кірісетін аудан әкімі Мұса Қалдарбеков шөп ору жұмысына қатысып, жастарға, еріктілерге қолдау көрсетті. Бейсенбінің таңында «Жаңажол» ЖШС егіс алқабынм жиналғандардың жоспары бір. Аудан әкімі бастап, мекеме, шаруашылық басшылары, жастар мен еріктілер қоштап 4 бригадада шөп орды. Бұған дейін аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әр ауылда жастар бригадалары құрылып, белсенді еңбектің үлгісін көрсеткен.
– «Жаңажол», «Тұрмағамбет», «Ақтөбе и К», «Ораз ахун ЛТД» және «Достық жер МК» ЖШС шаруашылықтары мал азығын өздері дайындап, жергілікті халықты қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі таңда мал азығына шөп ору науқаны басталды. Шөп тұрғылықты жердің халқын қамтамасыз етіп болған соң, сыртқы сұраныстарға сатылады. Қазіргі таңда орылған шөптерді бірінші кезекте ауыл халқына тарату жұмыстары жалғасуда, – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы жастармен кездесуде еңбек ету арқылы ғана бар қиындықты жеңуге болатынына кеңес берді. Жастар өздеріне сеніп тапсырылған шаруаларды атқаруда белсенділік танытатындарын жеткізді.
Аудан көлемінде мал шаруашылығын дамыту бойынша бірқатар шаралар қолға алынып, статистикалық мәліметтерге сәйкес өткен жылмен салыстырғанда мал басы бойынша өсім қалыптасты.
Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 30 817 бас болып 1381 басқа, қой, ешкі 58 954 бас болып 3840 басқа көбейді. Ал, жылқы 11 230 бас болып 924, түйе 3 624 бас болып 226 басқа, үй құстары 18 481 болып 1 596-ға көбейген.
Аудан деңгейінде жем-шөптің қолжетімді бағасын тұрақтандыру үшін шаруашылықтармен, атап айтқанда «Оңталап» ШҚ, «Достық жер МК» ЖШС, «Ораз ахун ЛТД» ЖШС, «Ақ Ниет» ШҚ, «Жаңажол» ЖШС-мен меморандум жасалынған.
Аудан бойынша 47500 бас қысқа түсетін мал саны нақтыланған. Қыс мезгілінде қора-жайда тұратын мүйізді ірі қара, жылқы, уақ малдар үшін қажетті 85500 тонна шөп, 17100 тонна жем көлемінің жоспары бекітілген.
Ауылдық елді мекендегі шөп орып жатқан жастар «Біз қазір техника күші келмейтін, кіре алмайтын жерде қамыс орып жатырмыз. Осы жұмысты бітірген соң өзге де бөлінген жерге барып көмектесеміз» дейді. Олар бар жұмысты қол күшімен атқаруда. Ал аудандағы ірі шаруашылықтарда шабындықты техникамен оруға кірісті.
Аудан әкімдігі және аудандық «Жастар ресурстық орталығы», «Демеу» еріктілер тобының ұйымдастыруымен «Тұрмағамбет» ЖШС мен «Достық жер МК» ЖШС шаруашылықтарының қолдауымен Арал өңіріндегі шаруаларға қайырымдылық мақсатта мал азығы жөнелтілді.
Алдағы уақытта да аудан тарапынан Арал өңіріндегі қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға көмек көрсету мақсатында заң шеңберінде тиісті жұмыстар атқарылатын болады.
Гүлжанат ДҮЗЕНОВА
17 шілде 2021 ж. 386 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 320

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 415

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930