» » Көпке ортақ иігілік

Көпке ортақ иігілік


АУДАНҒА ГАЗ КЕЛДІ ДЕП МӘЗ БОЛДЫ ТАЛАЙЫ. БІРНЕШЕ ЖЫЛ ҮМІТПЕН КҮТКЕН КӨГІЛДІР ОТЫН КІРГЕННЕН-АҚ ҚОСТЫРУҒА АСЫҚҚАНДАР КӨП. ӘЛІ ДЕ ӨТІНІШ БЕРІП, ҚОСТЫРЫП ЖАТҚАНДАР БАР. ЕНДІГІ КӨПТІҢ КӨКЕЙІНДЕ ЖҮРГЕН САУАЛ: НЕГЕ ҚҰРДЫРУ БАҒАСЫ ҚЫМБАТ? ОЛ БАҒА ҮМІТТІ АҚТАЙ МА?
Жақында аудан әкімі Қайрат Ырзақұлұлы және «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК басшысының орынбасары Бекнұр Ақылбекұлы Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерді газға қосу жұмыстарын пысықтады. Қазіргі Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге газ орнату жұмысын 7 мекеме атқаруда. Бүгінде 1310 тұрғын үй газ желісін қосуға өтінім тапсырып, 908 отбасы көгілдір отынның игілігін көруде. Әлеуметтік нысандар бойынша, 27 нысаннан өтінім түсіп, 2 нысан табиғи газға қосылған. Сондай-ақ, 6 мекеменің жылу қазандығын табиғи газға бейімделіп, құжаттары рәсімделуде.
№105 мектеп-лицейі, №30 орта мектебі, аудандық денешынықтыру кешені, аудандық өнер мектебі және «Шипагер» емханасының бу қазандықтарын табиғи газға ауыс­тыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттамасы әзірленуде дейді мамандар. Ал орталық аурухана мен емхананың бу қазандықтарын табиғи газға қосылуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған. Одан бөлек, Жосалы кентіндегі жобадан тыс қалған үйлерді газ желісіне қосу жұмысы жалғасуда.
Жосалы кентіндегі «Тәуелсіздік» ықшам ауданының тұрғын үйлеріне газ желілерін жеткізу үшін жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеу, сараптама қорытындысын алу жұмыстарына қажетті қаржы бойынша облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына бюджеттік өтінім тапсырылған.
Аудандағы табиғи газға қосылу жұмыстарының бағасын тұрақтандыру мәселесі де бей-жай қалмады. Аудан әкімдігінің бастамасымен «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК басшысының орынбасары Б.Ысқақов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов, Қоғамдық кеңес төрайымы К.Раева, ардагерлер және сала мамандары мен мердігерлердің қатысуымен жиын өтті.
Жиында Жосалы кентіндегі тұрғын үйлерге табиғи газ орнату жұмыстарын атқарып отырған 7 мердігер мекеменің қызмет көрсету ақысы әртүрлі бағада болуына байланысты, ардагерлер мен қоғам белсенділері тарапынан ескертулер жасалды.
– Бағаны шектен тыс қойып, қолдан қымбатшылық жасауға жол жоқ. Мердігерлер, сіздер өз мүдделеріңізді ғана ойлап қоймай, халыққа қолжетімді баға ұсынып, елге адал қызмет жасаңыздар. Ертең халықтың алғысын аласыздар. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жұмыстарыңызды жауапкершілікпен атқарыңыздар, – деді ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Есдәулетов.
Жауапты мердігерлер өз кезе­гінде қажетті техникалық жаб­дық­тардың дүкендегі бағасының қымбатшылығын, оның үстіне жеткізу ақысы қосылатындығын және тиісті құжаттарды рәсімдеуге кететін шы­ғындарды айтып, қызмет ақысын бағамдады. Сондай-ақ, жиын барысында тұрғын үйге, газ жүйесі орнатылғаннан кейінгі құжат рәсімдеу жұмысының ұзақ уақыт алатынына байланысты қазіргі кезде ауа-райының суытуына сәйкес құжат рәсімдеу жұмысын жеделдету мәселесі ұсыныс ретінде айтылды.
Жиын соңында табиғи газға қосылу бойынша өзекті мәселелер туралы ардагерлер мен мердігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК басшысының орынбасары Б.Ысқақов жауап берді.

Айнұр ӘЛИ
09 қараша 2021 ж. 267 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (10296)

20 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930